Аймақтар • 07 Қыркүйек, 2019

Қостанайда қоғам белсенділері Жолдауды талқылады

213 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қоғам белсенділері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын Қостанай облыстық полиция департаментінің жеке құрамымен кездесуде талқылады. Оған Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бірінші шақырылым депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің екінші шақырылым депутаты, профессор Сергей Жалыбин және А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ проректорының міндетін атқарушы, заң ғылымдарының кандидаты Әлімжан Бекмағамбетов қатысты.

Қостанайда қоғам белсенділері Жолдауды талқылады

«Жолдау көптеген мәселелерді қамтиды. Бұл ретте Елбасы саясатымен сабақтастықты ерекше атап өткен жөн. Бұған бұрын жарияланған Бес институционалдық реформалар мен Ұлт жоспарын және «Нұрлы жол» бағдарламасымен байланысты. Сонымен қатар, бірінші Жолдауда мемлекеттік қызмет саласында бұрын кездеспеген жаңа тәсілдердің куәсі болатын бірқатар өзгерістер бар. Біріншіден, Президент алдағы реформалар еліміздің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртусыз мүмкін емес екенін атап өтті. Екіншіден, халық биліктің жұмысын дербес бағалайтын болады. Мұны сауалнама әдісімен жасау ұсынылды. Егер халЫқтың 30 пайызы әкімнің жұмысы туралы жағымсыз айтса, онда бұл арнайы комиссия құру үшін себеп болмақ. Үшіншіден, мемлекеттік органдардың қызметіне қоғамдық кеңестер мен ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің рөлі күшейтіледі»  деді Сергей Жалыбин.

Жолдауда жеке тұлғаның құқықтарын қорғауды күшейту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын күшейту қажеттілігі айтылды. Бұл жұмыстың айтарлықтай бөлігі құқық қорғау органдарына жүктеледі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Нормативтік-құқықтық базадағы институционалдық өзгерістерсіз мүмкін емес. Сондықтан, Сергей Михайлович Жолдауда бұрын қолданылып жүрген, бірақ одан кейін жойылған нормативтік-құқықтық актілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасын қалпына келтіру және оған теріс әсер ету тетіктерін белсенді пайдалану қажеттігі атап көрсетілгенін де айтып өті.  

Полиция жұмысын бағалаудың негізгі өлшемі – халықтың сенімі болуы тиіс. Президенттің айтуынша, полиция азаматтарға олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қызмет көрсететін орган болмақ. Әлімжан Бекмағамбетов қоғамдық сананы жаңғырту генетика, сандық технологиялар саласында көптеген ғылыми жаңалықтар бастау алғанын атап өтті.

«Бүгінде заң шығару осы үдерістерге үлгеруі маңызды. Біз генетика саласындағы жасанды өндемелер, серпінді технологиялар туралы әңгіме жүргізудеміз. Бұл бағыттарды заңнамалық реттеу қажет» деді Әлімжан Бекмағамбетов. Сонымен қаатр ол «Тыңдаушы мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру маңыздылығын атап өтті.

«Көп жағдайда ең өткір мәселелерді шешуге көмектесетін қоғамдық институттар құрылған, онсыз мемлекеттің одан әрі дамуы мүмкін емес. Мысалы, полицияда құрылған консультативтік-кеңесші органдар өз тиімділігін алғаш рет дәлелдеп отыр. Олардың көмегімен қоғам диалог жүргізіп, биліктің назарын мәселелерге аударады» деп атап өтті Әлімжан Бауыржанұлы.

Кездесу соңында полиция қызметкерлері белгілі заңгерлерге еліміздің заңнамалық өрісін одан әрі дамытуға қатысты сұрақтар қойды. Полиция департаментінде жергілікті жерлердегі құқық қорғау органдары реформасының барысын түсіндіретін арнайы топ құрылғанын атап өту қажет. Басқосуда алдағы жылдары қоғамдағы полиция бейнесі мүлдем басқаша болатыны айтылды.