Қоғам • 09 Қыркүйек, 2019

Жастарға жалға берілетін баспана

462 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тұрақты жұмысы бар жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін пәтердің қандай тәртіппен берілетіні белгілі болды. Оның тиісті қағидалары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми сайтында жарияланды.

Жастарға жалға берілетін баспана

Сонымен Ақпарат және қо­ғамдық даму министрінің биыл­ғы жылдың 29 тамызындағы бұйрығына, соған орай бекітіл­ген ережеге сәйкес, сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтер 5 жылға беріледі. Оны алу үшін өтініш беруші азамат тиіс­ті өкі­летті органға бірқатар құжат­ты тапсыруы керек.

Тапсырылатын құжаттардың тізіміне тоқталар болсақ, тиісті өтінішпен қоса  азаматтың же­ке басын куәландыратын құжат­тың көшірмесі, білімі туралы құжаттың көшірмесі, отба­сы­­лы болған жағдайда неке куәлік­тің, балаларының туу туралы куәлігінің көшірмесі қоса ұсы­нылады.

Өтініш берушінің және оның отбасының барлық мүшелерінің жылжымайтын мүлігі жоқ екені туралы анықтама да тапсыры­латын құжаттар тізімінде бар. Бір айта кетерлігі, өтініш бе­ру­­­шінің ай сайынғы табысы кемінде 40 айлық есептік көр­­сеткіштен,  яғни, 101 000 тең­геден кем болмауы тиіс. Ең­бек өтілін растайтын, түрлі қыз­мет салаларындағы жеке жетіс­тік­терін растайтын құжат­тары да оның баспанаға қол жет­кізу мүмкіндігін арттыра түседі.

Өтініш берушілердің, яғни, баспана алуға конкурсқа қатысушылардың мүмкіндікте­рі жинаған балы бойынша анық­талады. Айталық, «Еңбек» мем­лекеттік бағ­дарламасына сәй­кес бекітілген, нарықта ең жо­ғары сұранысқа ие кәсіптің ие­­ле­ріне автоматты түрде 10 балл беріледі. Бұл 100 ма­ман­­­дықтың қатарында IT-ма­ман­­дар, 3D модельдеу ин­­же­нері, эколог, өндіріс жә­не қор­шаған ортаны қорғау ин­же­не­рі және оның көмекшісі, ағаш ұстасы, тас қалаушы, құ­ры­лысшы-мон­тажшы, сантех­ник, инте­рьер дизайнері және декоратор, «Ақылды үй» инфра­құрылымының операторы, сле­сарі және жөндеушілері, трак­торшылар, сондай-ақ ком­байн­дар мен өзге де ауыл шаруа­шылығы жабдықтарының опе­ра­­торлары, ет және балықты жар­­­­тылай фабрикаттармен азық-түлік және ұнтақтар өнді­ру­­­шілер және басқалары бар.

Сол сияқты отбасылы аза­матқа – 5 балл, некеде тір­кел­ген әрбір жылы үшін – 2 балл; бір балаға – 1 балл, әрбір кейін­гі бала үшін – 2 балл; жеке кәсіп­керлікпен айналысқаны үшін әр жылына – 5 балл деген сынды ереже бойынша жиған тиісті балы қосылады. Жоғары балл жинаған азамат сәйкесінше жалдамалы пәтерге ие болады.