Аймақтар • 09 Қыркүйек, 2019

Нұр-Сұлтан қаласында Еуразия елдері зияткерлік меншікті қорғау жөніндегі халықаралық шартқа қол қойды

285 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгін Нұр-Сұлтанда Еуразиялық патенттік жүйені құрған және Еуразиялық патенттік ұйымның (ЕАПҰ) негізін қалаған үкіметаралық шарт - Еуразиялық патенттік конвенцияның (1994 жыл) 25 жылдығына орай, Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттамаға қол қою бойынша дипломатиялық конференция өтті. Бұл туралы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласында Еуразия елдері  зияткерлік меншікті қорғау жөніндегі халықаралық шартқа қол қойды

Дипломатиялық конференция үкіметтік делегациялардың және Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан патенттік ведомстволары басшыларының, сондай-ақ Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы мен оннан астам шетелдік патенттік ведомство өкілдерінің қатысуымен өтті.

Атап айтқанда, іс-шараға ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев, Еуразиялық патенттік ұйымының Еуразиялық патенттік ведомствосының (ЕАПВ) президенті Сәуле Тлевлесова, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының мүшесі Қанатбек Сафинов, Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының өтпелі және дамыған экономикасы бар елдер Департаментінің директоры Михал Швантнер, Қазақстан Республикасы тұңғыш президенті - Елбасы қоры атқарушы директорының орынбасары  Игорь Рогов қатысты.

Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттаманы ЕАПҰ-ға қатысушы мемлекеттермен бірлесіп Еуразиялық патенттік ведомствосымен әзірленді және өңірлік деңгейде өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғаудың Еуразиялық жүйесін құру мақсатын жасайды, ол Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде патенттер алу рәсімін жеңілдетеді және өтінім берушілер үшін әкімшілік және қаржылық жүктемелерді азайтады. Осыған ұқсас жүйе 1994 жылдан бастап өнертабыстарға қатысты әрекет етеді.

«Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттамаға қол қою-зияткерлік меншік саласындағы тарихи оқиға және еуразиялық кеңістік елдерінің өзара іс-қимылының жемісті нәтижесі болып табылады. Бұл сегіз қатысушы мемлекет үшін бірыңғай патент негізінде өнеркәсіптік үлгілерге қатысты аймақтық құқықтық қорғау жүйесін құруға мүмкіндік береді. Осылайша, осындай келісілген құқықтық жүйе кезінде Өнеркәсіптік үлгілердің саны мен сапасы сөзсіз артады», - деді Қазақстан Республикасының Әділет
вице-министрі Алмат Мадалиев.

Сонымен қатар, өнертапқыштық саласындағы Еуразиялық  сыйлықтың 15-тен астам лауреаттарына: адам өмірі мен денсаулығын  қорғау, өндірістік технологияларды дамыту және жетілдіру, ғылымды қажетсінетін және перспективалы технологиялар, адам өмірінің сапасын жақсартатын технологиялар, ақпараттық технологиялар мен байланыс құралдары саласындағы, көп жылдық өнертапқыштық қызметі Еуразиялық патенттік жүйені белсенді пайдаланғаны үшін, шетелдік өнертапқыш наградалары табысталды. Сондай-ақ, лауреаттар ЕАПҰ бірінші Президенті В.И. Блинниковтың құрметіне арналған «Өнертабысқа және патенттік іске қосқан үлесі үшін» алтын медальдарымен марапатталды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ұлттық биотехнология орталығы» РМК және Жаңасыл Бақыт Жарқынқызы Қазақстан Республикасынан Еуразиялық сыйлықтың лауреаттары атанды. Лауреаттарды анықтау ЕАПҰ әкімшілік кеңесінде қатысушы мемлекеттердің өкілетті уәкілдерін тәуелсіз бағалау негізінде өтті.

Айта кету керек, Марат Бекетаев Еуразиялық патенттік ұйымының жоғары наградасы, В. И. Блинников атындағы «Өнертабысқа және патенттік іске қосқан үлесі үшін»  алтын медалімен марапатталды.

Дипломатиялық конференция мен лауреаттарды марапаттау рәсімін Еуразиялық патенттік ведомствосы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және ҚР ӘМ «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК бірлесіп ұйымдастырды.