Экономика • 09 Қыркүйек, 2019

Шетелдерде Қазақстанның сауда өкілдіктері ашылады – Бақыт Сұлтанов

135 реткөрсетілді

«Бір терезе» - «QazTrade» экспорттаушы мен мемлекеттік органдар арасында агент рөлін атқаратын болады. «Бір терезе» аясында экспорттаушыларды қолдаудың барлық шараларын шоғырландыру көзделген. Бұл туралы Үкімет үйінің баспасөз орталығында өткен баспасөз коференциясында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов хабарлады. 

Министрдің айтуынша, «QazTrade» бұрын сауда саясатын дамыту орталығы ретінде жұмыс істеген, негізінен сараптамалық зерттеулермен айналысқан. Бүгінде оның базасында эспорттаушыларға арналған «бір терезе» орталығын құру жоспарланған, адамдар сол жерге жүгініп, сауда саласында туындаған проблемаларын шеше алады. Цифрландыруға баса көңіл бөлінеді. Бағаларға электронды мониторинг жүргізілетін болады.

«Қазақстанның шетелдердегі сауда өкілдіктері «сыртқы кеңселер» саналады. Ағымдағы жылдың соңына дейін Қазақстан сауда өкілдіктер желісін кеңейтуді жоспарлап отыр. Жаңа өкілдіктер ҚХР-да, Түркияда, Үндістанда, Иранда, Өзбекстанда, Ауғанстанда, Польша мен Чехияда ашылатын болады», деді Б. Сұлтанов.

«QazTrade» сонымен қатар аймақтық және шекара маңы саудасын дамытуға тартылатын болады. Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар базасында өңірлік экспорттық орталық ашу жоспарланып отыр, олардың қызметін «QazTrade» үйлестіретін болады. 

Б. Сұлтанов сонымен қатар Шикізаттық емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспортын ілгерілету жөніндегі жол картасы бекітілгенін айтты. Бұл құжатта тауардың шетел нарықтарына шығару кезінде туындайтын кедергілерді төмендетуге, экспортталған өңделген тауарлар желісін кеңейтуге, сондай-ақ экспорттаушыларды қолдаудың қаржы және қаржы емес шараларын күшейтуге ерекше назар аударылған.

«Жол картасының аясында машина жасау саласында шағын және орта бизнеске ең төменгі мөлшерлемемен несие беру, өңдеуші өнеркәсіптің ірі кәсіпорындарына несие мөлшерлемесін субсидиялауды ұсыну, үшінші елдерде қоймаларды ұйымдастыру және басымдықты және жоғары мүдделі елдермен бірге құрылыс қызметтерінің стандарттары мен техникалық талаптарын өзара тану жоспарланған», — деді ҚР сауда және интеграция министрі.

Соңғы жаңалықтар

Күлкі керуені № 16

Руханият • Бүгін, 12:04

Ақынға арналған күн

Руханият • Бүгін, 07:46

Қаланы дамыту құжаты дайын

Аймақтар • Бүгін, 07:43

Баспанамен қамтитын басты құжат

Бағдарламалар • Бүгін, 07:23

Ер Едіге және елдік мүдде

Руханият • Бүгін, 07:20

Болмысы бүтін Бағаев

Руханият • Бүгін, 07:19

Темекінің тауқыметі

Медицина • Бүгін, 07:05

Ұқсас жаңалықтар