Қоғам • 10 Қыркүйек, 2019

Азаматтар зейнетақысын өзі басқаруға тиіс

226 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына алғашқы Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған біршама мәселе екшеліп, алда атқарылатын жұмыстардың бағыты сараланды.

Азаматтар зейнетақысын өзі басқаруға тиіс

Келер жылдан бастап жаңа ережеге сәйкес зейнетақы аударымдарына жұмыс беруші мін­детті 10 пайыз аударымнан бөлек, қызметкердің жала­қысының қосымша 5 пайы­зын қосып төлеуі тиіс бола­тын. Шыны керек, бұл қоғам­да өте қызу талқыланды. Кәсіпкерлердің тарапынан түрлі өткір пікірлер айтылды. Президент Жолдауынан кейін бұл өзгеріс 2023 жылға шегерілгенін мемлекеттің қазіргі жағдайда қосымша төлемнің тиімсіз екенін түсінгенін көрсетсе керек. Экономист ретінде осы мәселеге қатысты мынаны айтқым келеді. Қосымша 5 пайыздық төлем салық түсімдерін көбейткенімен, жұмысшылардың жалақысының азаюына ықпал етіп, тіпті жұмыс берушілер вакансияларды қыс­қар­туға да мәжбүр болуы мүмкін еді. Жарнаны көбейтпес бұрын алды­мен халықтың еңбекақысын көбейтуге басым­дық беру керек. Жаңа айтып кеткенімдей, оны жұмыс беру­ші­лер төлегенімен, бәрібір бұл фактор еңбекақының көлеміне кері әсер етеді. Онсыз да тө­мен жалақының үстіне жарна қосылса, жалақысы төмен ха­лыққа қосымша жарна аудару міндеттелсе, күнкөріс қиын­дай­ды. Бұл мәселеде ешқандай қиындық туындамас үшін айлық­тың межесін 30 пайызға жеткізу керек деп ойлаймын.

Екіншіден, зейнетақы қо­рын­­дағы қаражатты әрбір адам­­ның өзі басқаруына мүм­кін­­дік беру туралы шешім аса орынды әрі қажет болып отыр. Бұл мәселе де еліміздегі экономист сарапшылар тарапынан біраздан бері айтылып келеді. Өз қаражатын өзі басқара алатын мүмкіндігі болған жағдайда халықтың жарнаны көбірек салуға ынтасы күшейеді. Мысалы жинақталған қаражаттың бір бөлігін ипотекаға тұрғын үй алу үшін жұмсауына болады.

Президент осы тапсырмасын тиімді жүзеге асыру тетігін анық­тауды Ұлттық банкке тапсырды. Әлемдік тәжіри­бе­де қалып­тас­қан мұндай құбылысты кейбір мемлекеттер жеке азаматтарға инвес­тиция ретінде пайдалану үшін беріп отыр. Мысалы, Малай­зия­да зейнетақы қоры есебінен қа­жылыққа бару мүмкіндігі қарас­тырылса, біз негізге алып отыр­ған Сингапурда баспана алу үшін қордан қаражат алуға жағдай жа­салған. Яғни, халықаралық тә­жір­ибе көрсеткендей, Мемлекет басшысы көтерген мәселелер халыққа тиімді және өте өзекті.

Мақсат ХАЛЫҚ,

экономист, Pro gente экономикалық зерттеу орталығының жетекшісі