Әлем • 10 Қыркүйек, 2019

Джек Ма Alibaba Group басшылығынан кетті

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қытайдағы ең бай адам Джек Ма Alibaba Group Директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетеді.

Джек Ма Alibaba Group басшылығынан кетті

Қытайлық БАҚ-тың жазуына қарағанда, кәсіпкер бұл шешімін бір жыл бұрын жариялаған.

Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымы қазіргі бас директор Даниэль Чжанға тапсырылады. Қызметінен кеткен соң Джек Ма Alibaba Group-тің Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде компанияның 2020 жылғы жалпы жиналысына дейін жұмысын жалғастырады. 

Осыдан кейін ол «Alibaba тұрақты серіктесі» қызметінде болады. Жоспар бойынша бүгін кешке Ханчжоуда Alibaba-ның құрылуына 20 жыл толуына орай өтетін рәсімде Директорлар кеңесінің төрағасы Джек Ма қызметін Даниэль Чжанға ресми түрде тапсырады деп күтілуде.

Десек те қазіргі уақытта Alibaba Group Джек Маның отставкаға кететіні туралы ресми ақпарат жариялаған жоқ.

Еске сала кетсек, Джек Ма немесе Ма Юн - қытай кәсіпкері және филантроп. Ол Alibaba Group табысты интернет бизнес тобының негізін қалаушы және атқарушы төрағасы, Forbes мұқабасына жарияланған алғашқы қытайлық кәсіпкер.