Руханият • 13 Қыркүйек, 2019

Күлтөбеден II-III ғасырларға тән бұйымдар табылды

590 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мә­дени қо­рық-музейіне қарасты ортағасырлық Күлтөбе қала­шығын­да жүргізілген архео­логиялық қазба жұмыстары барысында табылған алтын, темір және қоладан жасалған бұйымдар, қыштар мен тиындар, органикалық заттар, тандырлы пештері бар тұрмыс­тық бөлмелер, ыдыс-аяққа арналған көптеген плитка­лар, бала­лардың ысқырық ойыншықтары әр кезеңнің көрінісін айқын­дап беруде.

Күлтөбеден II-III ғасырларға тән бұйымдар табылды

Жуырда ғана табылған қыз-келіншектердің әше­­кей бұйым­дары да ғұн кезеңінің тех­но­­ло­гия­сынан хабар бе­реді. «Әдетте алтыннан жа­сал­ған жә­дігерлер сырт­­тағы обалардан та­бы­­лады, қаланың ортасында емес. Күлтөбеден табылған сирек кез­десетін жәдігердің де ерекшелігі осында. Мұның жасалу үлгісі сақ дәуірінде бас­қаша болған, қосым­ша тастарды әше­кей­леп бетіне жапсыру бол­маған. Бұл ғұн, сармат кезеңдеріне жататын, II-III ғасырға тән алтындар қатарын то­лықтырып тұр. Әр ке­зеңге тән бірнеше алтын табылып отыр. Біз­ді қы­зықтырғаны – сұрақ бел­гісіне ұқсас сырға. Ол көбіне қып­шақтарға тән болған. Әрбір жәді­гер ата-тегіміз бен салт-дәс­түр ғұр­пы­мыздан хабар бере­ді», деді тарих ғылымдарының док­торы, археолог Мұхтар Қожа бас­­пасөз мәслихатында.

Сондай-ақ археоло­гиялық қаз­ба жұмыстары барысында араб графикасында жазылған, көлемі 10х20 см. келетін кітаптар хумдан пештің ішіндегі құланды қыш­тар арасынан табылған. Бү­гінде Қазақстанның еңбек сі­ңір­­ген қайраткері, суретші-рес­тав­ратор Қы­рым Ал­тынбеков қаз­бадан та­был­­ған қос кітапты қай­т­а қалпына келтіруге кі­­ріс­кен. Кітаптың сақ­тал­­­ған қалыңдығы –

1,2 см. Мұқабасы көк түс­ті­ көн­мен қап­талған кі­тап­­­тың парақтары бір-бі­рі­мен жабысып қалған, ашу­ға келмейді. Жазуы оқылатын бірін­ші бетінен «Біз мұндайлардан емес­піз» деген сөйлемнің жо­­ба­сы анық­талыпты. Ма­­ман­ның айтуынша, жә­дігерлер ағаш ұнта­ғынан жасалған секілді. «Көп еңбек етуі­міз керек. Қайта қалпына кел­­тіріп болған соң ішін­дегі жазу­ларды толық­тай оқып, зерттеу­ге мүм­кіндік аламыз», деді Қ.Алтынбеков.

Айта кетелік, Күл­тө­бе қалашы­ғындағы жұ­мыстар Қазақ ғылыми-зерт­теу институты «ERG Kөmek» корпоративтік қоры­ның қаржылық қол­дауы­мен жүргізілуде.

Түркістан облысы