Әлем • 15 Қыркүйек, 2019

Иран әйелдердің футбол көруіне рұқсат береді

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иран президентінің парламент мәселелері жөніндегі орынбасары Хосейн Әли Әміри Үкімет иран әйелдерінің стадиондарға барып, футбол көруіне рұқсат ететін жағдай жасап жатқанын мәлімдеді.

Иран әйелдердің футбол көруіне рұқсат береді

ИРНА агенттігінің дерегінше, Әміри әйелдер стадионға баруы үшін әйелдерге ғана арналған орындықтар, кіріп-шығатын қақпалар, жүретін жолдар, әлеуметтік қызметтер секілді тиісті инфрақұрылым қалыптастырылатынын айтты.

Жастар және спорт министрінің бұйрығымен бұл реттегі жұмыстар елдегі негізгі стадиондарда жүргізіліп жатыр.

«Әйелдердің стадионға бару құқығын таптауға болмайды. Бұл - бүкіл әлемде футболдағы белгілі құқықтардың бірі. Біздіңше, қоғамның тең жартысын құрайтын әйелдерді бұл құқықтан мақұрым ету дұрыс емес», - деді Хосейн Әли Әміри.

Жоспарға орай, 10 қазан күні ирандық әйелдер Азади стадионына барып, Иран құрамасының Камбоджамен ойынын тамашалай алады.

Еске сала кетсек, ирандық әйелдер былтыр да Иран-Боливия матчына барған. Сол ойында ирандықтар 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді.