Руханият • 16 Қыркүйек, 2019

Нұр-Сұлтанда қолданбалы өнер көрмесі ашылды

54 реткөрсетілді

Нұр-Сұлтанда «География – мәдени даму бағыты» Қазақстанның қолданбалы өнер көрмесі ашылды. Аталған көрмеге еліміздің түрлі аймақтарындағы шеберлердің киіз бен гобеленнен жасаған еңбектері, «Arlan Design» сурет галереясының туындылары, Қазақ ұлттық өнер университетінің педагогтары мен студенттернің шығармалары ұсынылып отыр. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

QazaqGeography мен ҚР Ұлттық музейінің бірлесіп ұйымдастырған көрмесінің мақсаты – қолөнер шеберлері, осы саладағы жастар шығармашылығына қолдау білдіре отырып, қолданбалы өнер туындыларын таныту және насихаттау. Сонымен қатар, қолданбалы өнер бойынша жаңа технологиялық ізденістер қолдануда жаңа бағытты таныстыру. 

«Қазіргі таңда станокта, монументалды кескіндемеде, графика мен мүсіндеуде, сонымен қатар сәндік-қолданбалы өнерде көптеген стильдер мен бағыттар бар. Қолданбалы өнер – халықтың мәдени өмірін көрсететін сала. Бұл өнер түрі өткеніміз бен бүгінімізді ортақ бір арнада тоғыстырады. Қолөнер туындыларының арасында киіз өнімдерін ерекше атаған жөн. Себебі ерте дәуірден халық мәдениетіне енген бұл өнімдер бүкіл елдің тарихын, рухани өмірін насихаттайды»,- дейді көрменің арт сарапшысы мен кураторы Армат Бектас.

Көрменің хедлайнерлері — ArlanDesign галереясының негізін қалаушылар – төрт ағайынды Аңқауовтардың жұмыстары. Бала кезінен бастап төртеуі де тірек-қимыл жүйесіне зақым келтіретін сирек кездесетін Дюшен Эрба-Рот миопатиясымен ауырады. Ағайынды Аңқауовтар өз шығармаларында қой жүнінің ерекше техникамен өңделген түрін кеңінен қолданады. Олар ата-бабаларымыздың көшпелі өмір салты, салт-дәстүрлерімен рухтандырылған қолданбалы өнердің әдемі туындыларын жасайды. Өздерінің зор ізденістері, еңбектері, зор таланттың нәтижесінде қолданбалы өнердің жауһар туындыларын дүниеге әкелген. Олар қолданған жаңа технологиялық бағыт – киізді кескіндеме жағынан көрсету. Бұл технологияның әлемде баламасы жоқ. Сонымен қатар, Ботагөз Төлештің туындылары ұсынылады, оның ішінде «Рояль», «Арман керуені», «Джаз» және тағы басқаларын атап өтуге болады.

Көрме 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұлылар үндескен күн

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Футзал: Бүгін жеребе тартылады

Футбол • 18 Қазан, 2019

Күлкі керуені №4

Руханият • 18 Қазан, 2019

Қазақстанда 200 теңгелік тиын шығады

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ерғали Бақаш

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Мақсат Мәлік

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Есболат Айдабосын

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Нәзира Жәрімбет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Алмаз Мырзахмет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар