«757 АR 05 автобусының жүргізушісі өтпенің арғы жағындағы жолдың бостығына көз жеткізбестен, өтпенің үстіне шығып кетіп, болған кептеліс салдарынан өткелде тұрып қалған. №43 жолаушылар пойызы жақындағанда өткелдің дабыл құрылғысы автоматты түрде іске қосылып, өткел бағдаршамында қызыл жанды, шлагбаум автокөліктің өткелде тұрып қалуына байланысты соңына дейін жабылмай қалған. Өткел бойынша кезекші жолаушылар пойызын тоқтату үшін ескерту бағдаршамын іске қосқан» делінген хабарламада.
Алайда жолаушылар пойызының машинисі жедел тежегішті іске қосқанымен, қақтығыстың алдын ала алмаған.
«Бұл орайда №43 жолаушылар пойызының машинисі тежегішті жедел іске қосқанымен, арақашықтықтың аздығынан қақтығыстың алдын ала алмады. Соқтығысу салдарынан автобусты жолдан қағып, KZ4AC-0010 электровозы зақымданды, бірақ жолдан шыққан жоқ. Қақтығыс салдарын №43 пойызының электрвозы ауыстырылып, 01 сағат 38 минут кешіктіріліп жөнелтілді, пойыз жолаушылары арасында зардап шеккендер жоқ» делінген хабарламада.