Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2019

Ақтөбеде қарапайым заттар экономикасын дамыту мәселелері қаралды

239 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өткен жұма күні Қарапайым заттар экономикасын дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті.

Ақтөбеде қарапайым заттар экономикасын дамыту мәселелері қаралды

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен жиынға облыс әкімінің орынбасарлары Аманғали Бердалин, Олжас Смағұлов, Индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Дархан Ермағанбетов, Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Ерлан Назаров, Ауылшаруашылық  басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай, даму   басшылары, екінші дәрежелі банк өкілдері және  видеобайланыс арқылы аудан әкімдері қатысты.

Өңіріміздегі  қарапайым заттар экономикасының бүгінгі жағдайы туралы «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры, жобалық офистің төрайымы Анар Даржанова баяндама жасады. Айтуынша, бизнес субъектілерімен және қаржы институттары өкілдерімен кездесіп, бірқатар мәселелерді талқылаған. Республикалық  жобалық кеңсеге ұсыныстар берілген. Тауарлар тізбесін кеңейту бөлігінде жоба сомасына 4 156,0 млн. теңге 10 ұсыныс енгізіліп, оның ішінде несие сомасы 332,0 млн. теңге болатын 2 жоба жүзеге асты. Жобалық кеңсемен жалпы сомасы 34,1 млрд теңге болатын 97 жоба бойынша жұмыс жүргізіл үстінде. «Тікелей Президенттің тапсырмасына сай, қарапайым заттар экономикасы бағдарламасына  ерекше мән беріліп отыр, Ақтөбе өңірінде осы жұмысты дамытып, жобалардың санын арттыру қажет», - деп атап өтті аймақ басшысы. 

1

Анар Даржанова сондай-ақ қарапайым заттар экономикасы аясында аудан басшыларының жұмысы  мардымсыз жүргізіліп жатқандығын жеткізді. Аудан әкімдері қарапайым заттар экономикасына енгізілген өзгерістер жайында кәсіпкерлерді ақпараттандырмаған. Оңдасын Оразалин аталған бағдарлама аясында жұмысты дұрыс үйлестірмеген, әрі жаңа жобаларды ашуға асықпаған аудан басшыларына ескерту жасады. Облыс әкімі индустриялық-инновациялық даму, кәсіпкерлік, ауылшаруашылық басқармасының басшылары мен аудан әкімдеріне қажетті шараларды қолға алып, банк мекемелерімен етене жұмыс жасауды тапсырды. Оңдасын Оразалин  бұл тұрғыда банк өкілдерінің де ынталы болуы қажеттігін айтты.

 

Ақтөбе