Президент • 17 Қыркүйек, 2019

Мемлекет басшысы: Түрлі бағыттағы ет кластерлерін дамыту қажет

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауылды және агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөніндегі республикалық кеңесте түрлі бағыттағы ет кластерлерін дамыту қажет екенін айтты. Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында жазды.

Мемлекет басшысы: Түрлі бағыттағы ет кластерлерін дамыту қажет

«Мал шаруашылығын барынша дамытуымыз керек. Бұл – біздің дәстүрлі ата кәсібіміз. Онымен қалай айналысу керек екенін білеміз. Ең бастысы, жұмысты қазіргі заман талабына сай дұрыс жүргізу керек. Түрлі бағыттағы ет кластерлерін дамыту қажет. Атап айтқанда, қой шаруашылығын, сүт өндіруді және құс шаруашылығын өркендетуге тиіспіз. Халықаралық болжам бойынша Азия елдері мен Қытайда табыстың артуына және халық санының көбеюіне байланысты қой еті мен құс етіне деген сұраныс артады. Осындай үрдісті тиімді пайдалануымыз керек. Сүт өнімі мен құс етін өндіруді екі есе арттырсақ, бүгін біз импорттап отырған қосымша 500 миллион доллардың өнімін алуға болады», деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50