Тағайындау • 18 Қыркүйек, 2019

Павлодар облысы әкімдігінде жаңа кадрлық тағайындаулар болды

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімінің өкімімен өңірлік Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып Мұрат Әбілқалықов тағайындалды. Сондай-ақ аймақ басшысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары мен облыс әкімінің аппарат басшысының орынбасарын да таныстырды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Павлодар облысы әкімдігінде жаңа кадрлық тағайындаулар болды

– «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму және «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламалары шеңберіндегі жобалардың жүзеге асырылуын, энергия сақтау және цифрландыру салаларындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік мәселелерін бақылауға алу қажет. Жұмыс өте көп, сондықтан осы салалар сіздің назарыңызда болу ықажет, - деді аймақ басшысы. 

Сонымен қатар облыс әкімі Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Күзеков Ардақ пен облыс әкімі аппарат басшысының орынбасары болып тағайындалған Мұқанов Саянды  таныстырды. 

Мұрат Әбілқалықов 1988 жылы дүниеге келген. «Жылу энергетикасы» және «Экономика» мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар. Ол 2009-2014 жылдар аралығында Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті Электр энергетикасын дамыту басқармасының сарапшысы болып жұмыс істеді. 2014 жылғы қаңтар мен 2015 жылғы шілде аралығында Павлодар облысы Энергетика басқармасы энергоменеджмент бөлімінің басшысы лауазымын атқарды. Жаңа тағайындауға дейін Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет етті. Оған дейін бұл ведомствоны жақында ғана Екібастұз қаласының әкімі болып тағйындалған Ержан Иманзайыпов басқарған еді.