Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2019

Қостанай тұрғындарынан 9 қару тәркіленді

429 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай полицейлері екі күн ішінде "Қару" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында 1671 азаматтық қару иесін тексерді. Бұл туралы облыстық ПД Баспасөз қызметі хабарлады.

Қостанай тұрғындарынан 9 қару тәркіленді

Тексеріс нәтижесінде 49 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін тағы 10 материал сотқа жіберілді. Сонымен қатар 21 азаматтың қаруды сақтау және алып жүру құқығы жойылды.
Заңсыз айналымнан 9 қару, оның ішінде 6 тегіс ұңғылы және 3 электрлік, 4 атыс қаруы алынды.

Операция кезінде 33 қару, оның ішінде 32 тегіс ұңғылы қару, бір газды қару ерікті түрде тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, іс-шара 2019 жылдың 16-19 қыркүйегі аралығында облыс аумағында атыс қаруын қолданумен болатын қылмыстардың алдын алу мақсатында өткізіледі.