Қоғам • 19 Қыркүйек, 2019

«Jastar Alany 2019» республикалық дебат турнирі басталады

396 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін «Jastar Alany 2019» республикалық дебат турнирінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Еліміздің 120-дан астам адам үздік қара сөз өкілдері жалпы жүлде қоры 4 000 000 теңге үшін бақ сынайды.

«Jastar Alany 2019» республикалық дебат турнирі басталады

Турнир Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Азаматтық бастамаларды қолдау» орталығы КЕАҚ-мен бірлесіп өтеді. Жобаның негізгі мақсаты Жастар жылы аясында Қазақстандағы дебат қозғалысын жандандыру және елімізде дебат федерациясын құру.

Турнир 20-21 қыркүйек аралығында ҚазУТБ университетінің ғимаратында өтеді. Финалдық ойын 22 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласының «Оқушылар сарайында» өтеді.

Ашылу салтанатына «Nur Otan» партиясы хатшысы Ғабидолла Оспанқұлов, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» төрағасы Мукина Батима, «Jas Otan» ЖҚ төрағасы Кәрібек Дәулет қатысады.

Сонымен қатар Британдық парламент және Линкольн – Дуглас форматтары бойынша турнир қатысушылары мен төрешілеріне арналған тренингтер мен мастер-кластар өткізілді.

Қазақ және орыс лигалары финалынан бөлек саяси және қоғам қайраткерлердің, блогерлердің, басқа да танымал тұлғалардың қатысуымен «Жұлдызды ойын» өткізу жоспарлануда.

Турнир қорытындысы бойынша дебатерлердің өзара байланысы үшін сайт пен мобильді қосымша әзірленіп, іске қосылады. Аталған мобильді қосымша Тайм-киперлерді алмастыратын елімізде баламасы жоқ құрал.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше