23 Қыркүйек, 2019

Үкімет басшысы жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша тапсырма берді

27 реткөрсетілді

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында «Бастау Бизнес» жобасын іске асырудың аралық қорытындысы және мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту мәселелері қаралды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 

Аталған бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы А. Мырзахметов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Нұрымбетов, Ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, Индустрия және инфрқұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, Қаржы министрі – Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Ә. Смайылов және Премьер-Министрдің орынбасары Б. Сапарбаев баяндады.  

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Жас кәсіпкер» жобасы аясында ағымдағы жылдың 22 шілдесі мен 5 қыркүйегі аралығында республиканың 200 мектебінде 18,3 мың жастар мен көп балалы отбасылардың өкілдері оқытылды. «Бастау» жобасы бойынша оқытылған 15 мың адамды есепке алғанда, 33,3 мың жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қамтылды, оның ішінде — 29 жасқа дейінгі көп балалы отбасылардың 600-ден астам мүшелері.

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 2019 жылы бітірушілердің жалпы санынан 2360 адам шағын несиелер алды, 5431 адамға гранттар берілді. Өңірлер бойынша ең жақсы көрсеткіштер Павлодар (70%), Шығыс Қазақстан (61,5%) және Қызылорда (61,2%) облыстарында байқалады.

Қостанай облысында жергілікті қамту үлесінің ең жоғары көрсеткіші жиһаз және азық-түлік сатып алуда – 40%, жеңіл өнеркәсіпте – 21% құрайды. Құрылыс материалдары саласында ең жоғары көрсеткіш Ақтөбе және Павлодар облыстарында 19% құрайды.

Ауылдық елді мекендерді несиелендіруге 59,8 млрд теңге (72%) бағытталды. Жыл басынан бері барлығы 9 433 микрокредит берілді (49,6%), оның ішінде ауылдық жерлерде – 8 450 немесе жылдық жоспардың 50,7% (16,7 мың). Ауылдағы микрокредиттердің орташа мөлшері 3,8 млн теңгені, ал қалаларда – 11,1 млн теңгені құрайды.

«Бүгін талқыланған “Бастау-Бизнес”, “Жас кәсіпкер”, шағын кредит беру жобаларының іске асырылу мәселелері халықтың жұмыспен қамтылуымен тығыз байланысты. Бұл – Елбасы мен Мемлекет басшысының алға қойған басты міндеттердің бірі. Осы жұмыстың жақсы нәтижелерін көріп отырмыз. 2019 жылдың өзінде ғана 5 мыңнан астам азамат өз ісін ашып, 8,5 мың жұмыс орнын құрды», — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы «Бастау-Бизнес» жобасына қатысушылардың санын ұлғайтып, бизнесін ашқандар немесе кеңейткендер санын 20-дан 30%-ға дейін жеткізу мәселесін пысықтап, шағын несие және грант беру бойынша көзделген барлық жоспарлардың орындалуын жеделдетуді, жергілікті қамту бойынша бекітілген индикаторларды орындауды, заңнаманың және ндустриялық сертификат пен «СТ-КZ» сертификатының талаптарының орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуды жүзеге асыруы қағидаларында шағын және орта бизнесті қолдау тетіктерін («Самұрық-Қазына» қоры секілді) қарастырып, олардың бір ай мерзімде қабылдануын қамтамасыз етуді тапсырды.

«Министрлер мен әкімдерге қазақстандық қамту бойынша көрсеткіштердің және тиісті заңнаманың орындалуы бойынша дербес жауапкершілік артылады. 9 айдың қорытындысы бойынша жиналыс өткіземіз. Онда осы көрсеткіштердің орындалуын қарастырамыз», — деп түйіндеді Премьер-Министр. 

Соңғы жаңалықтар

Таушық ауылы 80 жылдығын тойлады

Аймақтар • Бүгін, 16:35

Абай дүкені – Бельгияда

Руханият • Бүгін, 16:32

Герольд Бельгерге көше берілді

Қазақстан • Бүгін, 15:57

Ең қысқа әңгіме. Риза Исаева

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 15:50

Ең қысқа әңгіме. Нұрбике Құдайбергенова

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 15:45

Ең қысқа әңгіме. Дәурен Дариябек

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 15:39

Ең қысқа әңгіме. Назерке Саниязова

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 15:37

Ең қысқа әңгіме. Ақылбек Шаяхмет

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 15:22

Ең қысқа әңгіме. Алдаберген Кемпірбай

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 13:00

Ең қысқа әңгіме. Еркеғали Бейсенов

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 12:42

Ең қысқа әңгіме. Көгедай Шәмерхан

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 12:39

Ең қысқа әңгіме. Жасұлан Серік

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 12:37

Ең қысқа әңгіме. Ақжол Қалшабек

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 12:28

Ең қысқа әңгіме. Нұрбек Нұржанұлы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 12:24

Сағынайдың бейіті табылды

Аймақтар • Бүгін, 10:52

Ақмоланың астығына сұраныс мол

Аймақтар • Бүгін, 10:22

Күлкі керуені № 7

Руханият • Бүгін, 10:20

Аталмай неге қалсын Мұса аты?!

Руханият • Бүгін, 10:01

Жақсы дәстүр жалғасады

Руханият • Бүгін, 08:49

Алаштанушы ғалымның белесі

Руханият • Бүгін, 08:47

Игілікті еңбек иесі

Қоғам • Бүгін, 08:46

Намазалы Омашұлы: Ел шежіресі

Руханият • Бүгін, 08:42

Тараз шаһарындағы тамаша түн

Аймақтар • Бүгін, 08:39

Тұңғыш Тіл форумы өтеді

Қоғам • Бүгін, 08:36

Патриархтың орындалған парызы

Руханият • Бүгін, 08:33

Кедергісіз келешек

Қоғам • Бүгін, 08:31

Жошы ханға ескерткіш орнатылады

Руханият • Бүгін, 08:24

Қазақтардың атқа міну мәдениеті

Қазақстан • Бүгін, 08:22

Еуроны сатып алушылар көбейді

Экономика • Бүгін, 08:20

АQR: 14 банкті «сауықтыру» керек пе?

Экономика • Бүгін, 08:15

Ұқсас жаңалықтар