Бокс • 23 Қыркүйек, 2019

«Канело» Головкиннен қорқа ма?

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Boxingnews24.com порталының шолушысы Барри Холбрук мексикалық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (39-1-1, 35 КО) үшінші рет жұдырықтасудан неге қашып жүргенін сараптап көрді деп хабарлайды Vesti.kz.

«Канело» Головкиннен қорқа ма?

Мұның алдында Альварес Головкинмен трилогияға неге құлықсыз екенін айтқан. "Канело" Альварес Головкинмен трилогияға қатысты күтпеген мәлімдеме жасаған да еді. Алайда журналистің бұл жайында ойы басқа.

"Головкин қарымтада "Канелоны" екі рет есеңгіретіп жібергеннен кейін мексикалық жұлдыз онымен байланысқысы келмейтін болар. Енді Головкинде жаңа бапкер, Джонатон Бэнкс боксшының көбірек соққы жасағанын қалайды. Екі жекпе-жекте де "Канело" Головкиннен алған соққылардан шалдығып, құлазып қалғандай көрінді. Егер Головкин соққылар санын бір раундта 20-30-ға дейін жеткізсе, "Канелода" үлкен қиындықтар туындайтынын сөзсіз", - дейді шолушы.