Қазақстан • 23 Қыркүйек, 2019

Елбасы Түркия Республикасының Ұлы Ұлттық Жиналысының спикері Мұстафа Шентоппен кездесті

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті екі мемлекет арасындағы қатынастардың стратегиялық сипатын ерекше атап өтті. Бұл туралы Елбасының ресми сайты хабарлады. 

 

Елбасы Түркия Республикасының Ұлы Ұлттық Жиналысының спикері Мұстафа Шентоппен кездесті

– Биыл біздің елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестікке 10 жыл толды. Екі мемлекет арасында тығыз саяси қатынастар қалыптасты, оның ішінде парламентаралық және ведомствоаралық іс-қимыл саласында да дамыды. Визасыз режим орнатылды, сауда көлемі өсуде. Өткен жылы бұл көрсеткіш 2 миллиард долларға жақындады. Екі мыңнан астам бірлескен кәсіпорын құрылды. Екі мыңға жуық жас қазақстандық Түркияда білім алуда. Мұның бәрі біздің қатынастарымыздың жақындығын білдіреді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде М.Шентоп Елбасыға кездесу үшін ризашылығын білдірді және Түркия Республикасының Президенті Реджеп Ердоғанның жылы лебіздерін жеткізді.