Тексеру барысында қала орталығында орналасқан сауда үйі қоймасының бірінен алкоголь өнімдерін заңсыз сақтау және ілеспе жүк құжаттарынсыз айналымы өткізу түрінде жасалған бұзушылық фактісі анықталды, алкоголь өнімі 118 дана, жалпы соммасы 233 500 теңгені құрайтын, оның ішінде: құрамында спирт бар өнімнің 90 дана бес литрлік ыдысы, 0,5 л – 22 дана және 1 л – 6 дана, сондай-ақ 3360 дана 840 000 теңге сомасына акциздік маркаларсыз темекі өнімдерінің партиясы анықталды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселесі шешілуде және аталған факті бойынша материалдар тиісті іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Талдықорған қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді.