Үкімет • 26 Қыркүйек, 2019

Үкімет басшысы Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді

120 реткөрсетілді

Жұмыс сапары барысында Премьер-Министр Байқоңыр қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуымен, сонымен қатар, ғарыш саласындағы Қазақстан-Ресей тараптарының ортақ жобаларын жүзеге асыру барысымен танысты.  "Союз МС-15" басқарылатын ғарыш кемесінің ұшырылуы сәтін тамашалады. Жұлдызды қалашықта «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған тұрғын үйлерді аралап көріп, қаланы  газдандыру жұмыстарымен танысты. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Асқар Ұзақбайұлына Байқоңыр қаласында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов баяндады.

Байқоңыр қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 50 пәтерлі бес үйдің құрылысы аяқталды. Құрылыстың жалпы аумағы-15,7 мың шаршы метр, мұнда 250 пәтер бар. Үйлер орталық су және кәріз жүйесіне қосылған. Жылу және ыстық сумен қамтамасыз ету үшін табиғи газбен автономды бу қазандығы орнатылған. Қазіргі уақытта  баспана кезегінде тұрған Байқоңырдағы ҚР азаматтарына пәтер берілуде»,-деді аймақ басшысы.

Айта кетейік, "Қызылорда облысын газдандыру және жаңа активтер құру" инвестициялық жобасын іске асыру аясында Байқоңыр қаласын "Бейнеу - Шымкент" газ құбырына қосу және Байқоңыр қаласының жеткізуші газ құбыры мен кварталішілік газ тарату желілерін салу бойынша жұмыстар жүргізілді. Бүгінде қазақстандық әлеуметтік нысандар мен бой көтерген 5 көп қабатты тұрғын үй газ желілеріне қосылған. Тұтынушылар үшін газ бағасы-20,90 тг м3.

Премьер-Министрге «Байқоңыр» кешенінде еркін экономикалық аймақ құруға байланысты  атқарылып жатқан жұмыстар да баяндалды. 

Содан соң, Асқар Мамин қонақ үй кешендерінің құрылыс барысымен, атап айтқанда, "Ресей" қонақ үйі мен "Нөлдік квартал" қонақ үй кешенін қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты.

Қазіргі таңда қаланың ойын – сауық-туристік әлеуетін арттыру үшін Қызылорда облысының әкімдігі мен Байқоңыр қаласының әкімшілігі "Ресей" қонақ үйі мен "Нөлдік квартал" нысандарын жалдан шығару мәселесін талқылауда.

Қызылорда облысына жұмыс сапарының соңында ҚР Премьер – Министрі "Союз МС-15" басқарылатын ғарыш кемесінің ұшырылуы шарасына қатысты. Ғарышкерлер -Олег Скрипочка (РФ), Джессика Меир (АҚШ) және Хазза аль-Мансури (БАӘ).

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Баянғали туралы баян

Руханият • Бүгін, 08:52

Жаңа аялдамаға жаны қас

Аймақтар • Бүгін, 08:31

Жаңаөзенде жаңа жоба басталды

Аймақтар • Бүгін, 08:24

Тағзым мен тағылым тоғысқан той

Руханият • Бүгін, 08:19

Экономикада тұрақты өсім бар

Экономика • Бүгін, 08:06

Краудфандинг қазаққа да жат емес

Қазақстан • Бүгін, 08:00

Ең қысқа әңгіме. Данияр Саламат

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Нұрболат Аманжол

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Ерболат Қуатбек

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Нұрлыбектің домбырасы

Руханият • Кеше

«ХАТ ҚОРЖЫН»

Қазақстан • Кеше

Ұқсас жаңалықтар