Саясат • 26 Қыркүйек, 2019

Қазақстан елшісі Пәкістан Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

105 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Пәкістандағы елшісі Ақан Рахметуллин Пәкістан Президенті Ариф Алвимен сенім грамоталарын тапсырды деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. 

Қазақстан елшісі Пәкістан Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Кездесу барысында Пәкістан Президенті елдер арасында қалыптасқан достық қарым-қатынасты, сондай-ақ өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі көптеген мәселе бойынша екі мемлекеттің ұстанымдарының ұқсастығын атап өтті. Сонымен қатар ол Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың екіжақты қарым-қатынастардың қалыптасуына және Қазақстан-Пәкістан әріптестігінің дамуына қосқан қомақты үлесін ерекше атап өтті.

Өз кезегінде А.Рахметуллин жылы лебізін білдіріп, Қазақстанда болып жатқан экономикалық және саяси өзгерістер туралы хабардар етті.

Тараптар, сондай-ақ, саяси диалогты, сауда-экономикалық ынтымақтастықты және екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды дамытуды қоса алғанда, бірқатар өзекті мәселені талқылады.

Кездесу соңында А.Алви Елбасы Н.Назарбаевқа және Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевқа жүрек тілегін жеткізді, сондай-ақ, елшіге Қазақстан-Пәкістан ынтымақтастығын нығайту үшін табысты және жемісті жұмыс тіледі.