Тағайындау • 26 Қыркүйек, 2019

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды

99 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Ерлан Мұратұлы Әукенов Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды

Бұған дейін аталған лауазымды атқарған С. Жақыпова берген өтінішіне сәйкес, өз қалауы бойынша қызметінен босатылды.

Ерлан Әукенов 1984 жылы 5 қыркүйекте Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Бредфорд университетін, Халықаралық бизнес академиясын, Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін тәмамдаған. Әр жылдары Білім және ғылым министрлігінде, «XXI ғасыр көшбасшысы» жастар орталығы» РҚБ, «Қазақстан жастарының конгресі» ЗТБ, «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингi» АҚ еңбек еткен.

2010-2011 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.

2011-2014 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.

2014-2015 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2015-2019 жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды, әлеуметтік әл-ауқат мәселесі бойынша жетекшілік еткен.

Соңғы жаңалықтар