Қоғам • 01 Қазан, 2019

Азаматтық қоғамды дамыту тұ­жырымдамасы талқыланды

579 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Елордада 2025 жылға дейінгі Азаматтық қоғамды дамыту тұ­жырымдамасының жобасын талқылау бойынша респуб­ли­ка­лық конференция өтті. Ақ­парат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есиннің басшылығымен өткен жиынға еліміздегі түрлі заңды тұлғалар бір­лестіктерінің өкілдері, Ұлт­тық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері қатысты.

Азаматтық қоғамды дамыту тұ­жырымдамасы талқыланды

Шара барысында тұжырымдама жобасы талқыланып, оған енгізілген өзгерістер түсіндірілді. Ақпарат және қоғамдық даму ми­нистр­лігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Әлия Ғалымова­ның айтуынша, тұжырымдама азамат­тық қоғамды қолдау және нығайту, әлеуметтік мәселелерді шешу, көппар­тиялықты, саяси бәсекелестікті және елдегі пікір алуандығын дамыту шараларын көздейді.

«Тұжырымдама жобасын төрт басым­дық бойынша іске асыру жоспарланған. Бірінші басымдық бойынша азамат­тық қоғам саласындағы заңнаманы же­тіл­діру, үкіметтік емес ұйымдардағы құ­­­қықтық реттеуді жетілдіруге бағытталған 3 міндет пен 9 бастаманы іске асыру жос­парланған. Осы ретте үкіметтік емес ұйымдарға қатысты мемлекеттік қолдау тетіктерін дамыту, волонтерлік және қайырымдылық, қоғамдық кеңестер қызметін жетілдіру, саяси партияларға қатысты заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, БАҚ және медиа­ция институтын жетілдіру мәселелері назарға алынған. Екінші басымдық аясында үкіметтік емес ұйымдарды кәсі­билендіруге, олардың бәсекеге қабі­лет­тігін арттыруға баса назар аударыла­ды. Ал үшінші басымдық халықтың өзекті проблемаларын шешуде мемлекеттің аза­маттық қоғам институттары­мен бай­ланысын, әріптестігін жетілдіру, аза­мат­тардың мемлекеттік құжат­тарды әзір­­леуге қатысу мүмкіндік­т­ерін кеңей­туге бағытталған. Төртінші басымдық негі­зінде қоғам­дық-саяси жаңғыртуда заңнаманы либерализациялау, көппар­тия­лықты, саяси плюрализмді дамыту жолға қойылған», деді Әлия Ғалымова.

Аталған шараларды іске асыру үшін 11 заңға өзгеріс енгізу жоспарланған. «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ төрағасы Вера Кимнің айтуынша, Еріктілер жылы қарсаңында «Еріктілер туралы» заңға өзгеріс енгізіледі. Сонымен бірге жастардан бөлек ересектерді де еріктілікпен айналысуға шақыру жұмыстары жүргізілмек. «Бұл елімізде еріктілік мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді», дейді Вера Ким.

Еуразиялық интеграция институ­тының директоры, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Ерлан Саиров саяси жүйе өзгеріске, революцияға да­йын болу керегін айта отырып, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бірінші отырысында ұсынылған өзгерістерді атап өтті. Оның айтуынша, митинг өткізу, БАҚ, сайлау, Парламент, партия­лар туралы заңдарға өзгерістер енгізілуі қажет. «Қоғамдық сенім кеңесі хат­шы­лығы дайындаған 77 бөлімнен тұратын іс-шаралар жоспары әзірленді. Жоғарыда аталған мәселелер де соның негізгі шара­ларының қатарында. Саяси жүйені либерализациялауда азаматтық қоғамның рөлі ерекше. Заңнамаға өз­герістер енгізілсе, біздің де жүйенің жаң­ғыруға дайын екенін көрсетпек», деді ол.

Ал «Қазақстанның Азаматтық альянсы» ЗТБ вице-президенті Мұсағали Дуамбеков аталған құжаттың маңызы зор екенін айтты. «Азаматтық альянс та өз кезегінде тұжырымдамасын ұсынған еді. Дегенмен алғашқы жобаға көп өз­геріс­тер енгізілген. Алайда қай жағ­дайда да азаматтық қоғамның дамуы үшін концепция қажет. Бұл азаматтық қоғам құруда бағыт-бағдар көрсететін нұсқаушы болмақ», деді ол. Оған қоса мемлекеттік ұйымдарға жүктелген міндеттер үкі­мет­тік емес ұйымдарға тапсырылуы керек­тігін айтты.

Сонымен бірге «Азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Жәмила Асанова, «Қазақстанның эколо­гиялық ұйымдарының қауым­дастығы» ЗТБ төрағасы Айгүл Соловьева, «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығы» қоғамдық қорының төрағасы Рахым Ошақбаев, Ішкі істер органдарының қызметі жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Марат Қоғамов пен «Қазақ­станда парламентшілікті дамыту қоры» қоғамдық қорының төрағасы Зәуреш Батталова тұжырымдама жобасын талқылауға қатысып, өз пікірлерін ортаға салды.