«Ашық жаттығуға келген барлық жанкүйерлеріме рахмет. Сіздер - кереметсіздер!», деп жазды Головкин.
Боксшы алдымен жалғыз жаттығу жасап, кейінірек бапкері Джонатан Бэнкспен жаттыққан.
Еске салсақ, 5 қазанда (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 6 қазан) АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өткен жылы ұйымдастырылмақ болып, бірақ түрлі себептерге байланысты өтпей қалған қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) арасындағы жекпе-жек өтеді.
Сондай-ақ «Қазақстан» РТРК» АҚ бокс кешінің барлық кездесуін көрсету құқығына ие болғанын хабарлаған еді. Жекпе-жекті «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 6 қазан күні 05:00-де басталады. Кездесуді qazaqstan.tv және qazsporttv.kz cайттары арқылы, QAZAQSTAN TV мобильді қосымшасында онлайн тамашалауға болады.