Руханият • 03 Қазан, 2019

Шеберлерге серпіліс берген SERPIN-2019

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайының директоры Бибігүл Құдабаева мәдени мекеменің залдары жастарға арналған іс-шараларды – көрмелер, фестивальдар, байқаулар, концерттер, шығармашылық кештер мен тұсаукесерлер өткізу үшін әрқашан ашық екенін айтады.

Шеберлерге серпіліс берген SERPIN-2019

– Біздің мұражай шығар­машылық жастарға – су­ретші­­­­лерге, ақындар мен жазу­­­­шыларға, музыканттар мен актер­лерге ерекше көңіл бөледі. Би­ылғы Жас­тар жылында біз жаңа дәстүр енгізбекпіз. Жас сурет­­­­шілердің өз күштерімен ұйым­­дастырылған топтық көрмелерін өткізе бастаймыз. Бұл жас авторларға жыл сайын өз жұмыстарын көрсетуге мүмкіндік береді, – дейді музей басшысы.

сурет

Таяуда аталған мұра­жайда SERPIN-2019  жас суретшілерінің көрмесі ашылды. Экспозицияда 18-30 жас ара­лығындағы 20 талантты автордың жұмыстары көрермен назарына ұсынылды.

фото

Мамандардың айтуынша, жас суретшілер үшін осындай көрмелерге жүйелі түрде қатысып отырудың маңызы өте зор екен. Мұның өзі бола­шақта олардың шығар­ма­шы­лық тұрғыда дамуына игі әсерін тигізеді. Сайып кел­генде, жас авторлардың әр­қайсысы өз әлінше қай­таланбас дара тұлға, әркім өз әлемін танып-білуге ұмты­лады және оны өз туындысы арқылы көрермендерге паш етуге тырысады. Дегенмен  жас қылқалам шеберлеріне ортақ дүниелер де бар: ол – шығармашылық серпіліс, шексіз қиял мен асау сезім, туындыны жасау, ойнату, ойлау және қиялдау, өзінің қайталанбас ізін қалдыру. Міне, осы әрекеттер олардың басын біріктіріп тұрады.

SERPIN-2019 жас сурет­шілер көрмесі 3 қазанға дейін жалғасады.

 ҚАРАҒАНДЫ