Аймақтар • 09 Қазан, 2019

Оңтайлы орталық кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін «бір терезе» қағидатымен жұмыс істейді

181 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шымкентте кәсіпкерлер мен инвесторларға қызмет көрсететін бірыңғай орталық жұмыс істейді. «Бір терезе» қағидаты бойынша бизнесті қолдау мен дамытудың барлық шараларын қамтамасыз ететін бұл орталық қызметіне жүгінетіндердің қатары күн өткен сайын артып келеді.

Оңтайлы орталық кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін «бір терезе» қағидатымен жұмыс істейді

Қазіргі таңда фронт-офис маман­дары­­ның қызметіне 5 мыңға жуық адам жүгінген. Кәсіпкерлерге қызмет көр­­­сету орталығының жұмысымен та­ныс­қан қала әкімі Ерлан Айтаханов атал­ған орталық бизнес өкілдерінің ба­сын қосатын алаңға айналу керек еке­нін айтты. Сонымен қатар қала бас­­шы­сы инвесторларды ең алды­мен қала­­ның инвестициялық мүмкін­дік­тері қы­зық­­тыратынын көлденең тартып, ол қыз­­метті ұйымдастыруда негізгі қадам­дарын жеңілдетілген форматта сипат­тауға баса назар аудару қажеттігіне тоқталды.

«Бизнеске арналған үкімет» жобасын «SHYMKENT» ӘКК» АҚ мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы бірге жүзеге асыруда. Бұл жұмыстар бизнес мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ инвесторларды тарту мақсатында ел Үкіметінің инвесторлар үшін «бір терезе» фронт-офистерін құру туралы тапсырмасының негізінде жүзеге асты.

Аталған үдерістерді оңтайлан­дыру, кәсіп­керлер мен инвесторларға көр­се­тілетін мемлекеттік қызметтерді кеңей­­ту мақсатында мемлекеттік кіріс­тер және көші-қон қызметтері депар­таменті мен «Қазпошта» АҚ қыз­меттерін «бір терезе» арқылы біріктіру туралы шешім қабылданды.

Мұнда инвесторлар мен кәсіпкер­лерге 9 бағыт бойынша қызмет көрсеті­леді. Атап айтқанда: мемлекеттік қыз­мет­тер көрсету, жобаға қолдау көр­сету, маркетингтік қызметтер, бухгал­терлік қызметтер, мемлекеттік са­тып алу бойынша кеңестер, CT KZ сер­тификаттарын беру, қаржы ұйым­дары мен даму институттарының қызмет­тері, бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша қызметтер, көші-қон мәселелері мен кеден, салық мәселелері.

«Бизнеске арналған Үкімет» на­рық­­тағы өзгерістерді, мемлекеттік сая­­саттағы, экономикадағы, заң­нама­дағы өзгерістерді ескере отырып, сәй­кесін­ше, үнемі жаңарып отырады.

 

ШЫМКЕНТ