Бүгін Бақытжан Сағынтаев Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенттерімен кездесіп, қаланы дамытуға бағытталған «Алматы-2050» стратегиялық жобасымен бөлісті.

«Алматының болашағы – қаланың өсіп келе жатқан жас кәсіби мамандарының, ғалымдары мен басқарушы, кәсіпкерлер толқынының қолында. Және дәл сіздер, бүгінгі студенттер – қаланың баға жетпес адами капиталысыздар», деді Бақытжан Сағынтаев.
Даму жобасы 7 негізгі стратегиялық басымдыққа негізделген, алғашқысы – Ғаламдық ауқымдағы «ақылды» қалаға айналып, өмір сүру сапасы жөнінен әлемнің 100 үздік қаласының қатарына ену.
2-басымдық - Алматы шетсіз қалаға айналуы тиіс. «Алматы әр ауданының бір-біріне ұқсамайтын өзіндік ерекше орындары бар көпорталықты қала болуы тиіс», деді қала әкімі.
Орталық пен шет жақтардың арасындағы өмір сүру деңгейлерінің айырмашылығын азайту үшін «Жаңа Алматы» жоспары түзілді. Оның басты мақсаты – таяу бесжылдықта қаланың барлық аудандарындағы сумен қамтамасыз ету, жарықтандыру, аулаларды абаттандыру, қоғамдық көлік, баспана құрылысы, балабақша, мектеп пен жол мәселесін шешу.
Алматы сондай-ақ адамға қарай орайластырылған қала болуы керек. Яғни, әр тұрғынға бағытталған, әр түрлі бастамаларға ашық қалаға айналдыруды жоспарлап отырмыз», деп сөзін түйіп өтті қала басшысы.
Бақытжан Сағынтаев студенттерді еріктілер қозғалысына белсене қатысып, қаланы ізгілендіруге жол көрсетуге шақырды. «Менің ұстанымым: қаланы басқару қала тұрғындарымен тығыз байланыста өрбуі керек. Біздің мегаполис ауқымында «Еститін мемлекет» принципін жүзеге асыру шарт», деді қала басшысы.
Төртінші басымдық – қылмыс пен техногендік қауіп деңгейі өте төмен қауіпсіз қала қалыптастыру. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін ақылды қала технологиясы енгізіледі – ол үшін қауіпсіздікке төнген қатерді бірден анықтап, шешім қабылдауға мүмкіндік беретін камералар, датчиктер, анализ Big Data сараптамалар, жасанды интеллект қалыптастыру керек.
2020 жылдың соңына дейін халық көп жиналатын жерлерде адамдардың түрін танитын, бейнеталдау жасай алатын интеллектуалды жүйесі бар 1000 камера орнату жоспарлануда. Табиғат пен қалалық ортаны біріктіретін жоғары экологиялық стандартқа ие Жасыл қала құру – бесінші басымдық. «Біз бірнеше жылда қаланың көгал қорын түбегейлі жаңартамыз, Jasyl Almaty бағдарламасы бойынша ең бірінші кезекте шет аймақтар қамтылатындай, жалпы 1 млн ағаш отырғызамыз», деді Бақытжан Сағынтаев.
Әкім барша жұртты 12 қазанда Көк-Төбеде өтетін сенбілікке белсене қатысуға шақырды.
Алматының Жаңа Жібек жолы бойында орналасқан еліміздің іскерлік орталығы ретіндегі позициясын нығайту алтыншы басымдық болып табылады.
«Біз 2050 жылы ЖЖӨ-ді әр адам басына шаққанда 2,5 есе ұлғайтуды мақсат етіп отырмыз», деді әкім.
Ол үшін біздің өнімдер мен қызметтер әлемдік нарықта сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті болуы керек».
Жетінші стратегиялық басымдық - Алматы мәдени креативті қалаға айналуы керек. Сағынтаевтың пікірінше, ол үшін мәдени кеңістіктерді әлемдік мәдени трендтерге лайықтап қайта жүктеу шарт.
«Біз Стратегия құжатының жобасын арнайы сайт пен қалалық БАҚ арқылы қоғамдық талқылауға жібереміз. Мен сіздерді және баршы қала тұрғындарын осыған белсене қатысуға шақырамын», деп түйіндеді Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.
Мәдениет министрінің қатысуымен қызметкерлер 300 түп ағаш екті
Экология • Бүгін, 18:00
Алматыда түске дейін 55 тұрғынға вакцина егілді
Аймақтар • Бүгін, 17:50
Аграрлық мамандықтарға бөлінетін ауыл квотасы артты
Білім • Бүгін, 17:25
Санкт-Петербургте Жамбыл Жабаевқа арналған кітап көрмесі ашылды
Руханият • Бүгін, 16:57
Орталық мемлекеттік архивке жаңа басшы келді
Тағайындау • Бүгін, 16:26
ІІМ Риддердегі бала өліміне байланысты үндеу жасады
Аймақтар • Бүгін, 16:20
«Нұр-Сұлтан – Теміртау» тас жолын су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 15:40
Шымкенттің төрінде «Егемен Қазақстан» көшесі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 15:19
Татьяна Ахметова Олимпиада жолдамасын иеленді
Күрес • Бүгін, 15:16
«Орталық Азия» халықаралық сауда орталығы құрылатын болды
Үкімет • Бүгін, 14:44
«Mega Silk Way» сауда орталығында індетке қарсы вакциналау басталды
Елорда • Бүгін, 14:16
Әзербайжанда «Қазақ әдебиеті апталығы» өтіп жатыр
Қазақстан • Бүгін, 13:40
Алтай Көлгінов елорданы велосипедпен аралап шықты
Елорда • Бүгін, 13:08
Президент Ханзада Филипптің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Президент • Бүгін, 12:41
Республика бойынша 8 өңір қызыл аймақта тұр
Қазақстан • Бүгін, 12:13
Елордада Жоғарғы сот судьясы қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 12:06
Нұрсұлтан Тұрсынов Алматыдағы турнирдің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 11:25
Риддерде жоғалып кеткен 2 жасар баланың денесі табылды
Қоғам • Бүгін, 10:52
Аида Балаева журналистермен этносаяси сауаттылықты дамыту қажеттілігін талқылады
Қоғам • Бүгін, 10:48
Елордалық оқушылар IV тоқсанда қалай оқиды?
Білім • Бүгін, 10:17
Пневмониядан 1 науқас қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:56
Елімізде 1511 адам коронавирустан айықты
Коронавирус • Бүгін, 09:40
Қазақстанда бір күнде 2734 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:25
Шымкентте триатлоннан Қазақстан чемпионаты өтеді
Спорт • Кеше
ШҚО-да тұрғындар эвакуацияланды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда қанша микроқаржы ұйымы жұмыс істейтіні белгілі болды
Экономика • Кеше
Президент Атырау және Ақтөбе облыстары әкімдерінің есебін тыңдады
Президент • Кеше
Асқар Мамин «Роскосмос» басшысымен келіссөз өткізді
Үкімет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қостанай облысында жаппай вакцина егу басталады
Аймақтар • Кеше
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы қалай жүзеге асырылып жатыр?
Руханият • Кеше
Президент ғарыш саласының мамандарына ризашылығын білдірді
Президент • Кеше
Ұйғыр ауданының судьясы жемқорлық фактісімен күдікке ілінді
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында вегетациялық маусым қалай өтеді
Экология • Кеше
Алматыда тау баурайы отқа оранды
Аймақтар • Кеше
Қабдеш Жұмаділовтің соңғы сұхбаты эфирге шығады
Руханият • Кеше
Түркістан облысында 7 тойхананың жұмысы тоқтатылды
Аймақтар • Кеше
Әйелдер ипотекасы қашан іске қосылатыны белгілі болды
Экономика • Кеше
Қазақстандық вакцина қашан дайын болады?
Қазақстан • Кеше
Президент елдегі жолдардың сапасына қатысты сын айтты
Президент • Кеше
Батыс Қазақстанда өзен жағасынан малдың өлекселері табылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда карантин күшейтіле ме?
Коронавирус • Кеше
Қызылорда облысында заңсыз балық аулаудың екі дерегі анықталды
Аймақтар • Кеше
Коронавирус вакцинасы оразаны бұзбайды - Жанна Пірәлиева
Коронавирус • Кеше
Зейнетақыға үстемеақы қосылатыны рас па?
Қоғам • Кеше
Ақтөбеде 10 мыңға жуық адам вакцина қабылдады
Медицина • Кеше
Алтай Көлгінов жол қызметкерлерінің жұмысын сынға алды
Аймақтар • Кеше
Салымшылардың есепшотына 1,001 трлн теңге аударылды
Қоғам • Кеше
Нұрсұлтан Тұрсынов Токиоға барады
Спорт • Кеше
Сенатта ветеринария саласындағы мәселелер талқыланды
Парламент • Кеше
Жайылымдарды 100% сумен қамтитын жоба
Экология • Кеше
«NIS Space» ғарыш кемесін құрастырады
Технология • Кеше
Алик Шпекбаев Ашита Митталмен онлайн кездесу өткізді
ANTIKOR • Кеше
Ұқсас жаңалықтар