Саммиттің ашылуына Қазақстан Үкіметі мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің басшылығы, UNWTO-ның бас хатшысы Зураб Пололикашвили қатысады.
Жаһандық саммиттің өтуі Қазақстан астанасының дамуына жаңа серпін беріп, туристік орталық ретінде танылуына мүмкіндік сыйлайды.
12 қазанға дейін созылатын саммит жұмысына шетелдік танымал кәсіпкерлер, сәулетшілер, журналистер мен туристік ұйымдардың өкілдері қатысуда.
Күн тәртібінде «Ақылды қалалар және туризм» тақырыбында кездесу өтіп, декларация қабылданады, сондай-ақ, ақылды бағыттар туралы панельдік пікірталастар өтеді. UNWTO – 1975 жылдан бастап қызмет ететін БҰҰ жүйесіндегі беделді туристік ұйым.