Кино • 14 Қазан, 2019

«Мұзбалақ» анимациялық фильмі Германиядан жүлдемен оралды

32 реткөрсетілді

Қазан айының 7-13 аралығында Германияның Хемниц қаласында өткен 24-Халықаралық балалар мен жасөспірімдерге арналған Schlingel  кинофестивалінде Германияның анимациялық фильмдер институты (DIAF) тағайындаған «Үздік анимациялық фильм» жүлдесімен марапатталды.

Қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан саятшылық мәдениеті туралы сыр шертетін «Мұзбалақ» анимациялық фильмі бүркіт пен адамның достығы туралы баяндайды. Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген. Режиссерлері – Тұрдыбек Майдан және Тілек Төлеуғазы.

«2D  анимациясының  таң қалдырарлық үлгісі. Disney және Pixar анимациялық кеңістігінен тыс жерде жасалған нағыз жаңалық», делінген фестивальдің баспасөз баянында.

Schlingel халықаралық фестивалін Германияның балалар мен жасөспірімдер жөніндегі Саксон қызметі ұйымдастырған. Биыл балалар мен жасөспірімдерге арналған бұл байқауда 52 елден келген 233 фильм көрсетілді.

– Көз майын тауысып жасаған туындымыз Еуропадағы ірі фестивальде үздік деп танылып жатқанына қуаныштымыз. Бұл фильм ұлттық бояуы қанық, қазақтың болмысын көрсететін туынды, сондықтан да шетелдіктерге қызықты болды деп ойлаймын. Осы орайда, бізге қолдау көрсетіп, фильмнің шығуына себепкер болған Мәдениет және спорт министрлігіне, «Қазақфильм» киностудиясына алғысымызды білдіреміз. Осындай жеңістер көп болып, «Мұзбалақ» баршамызды қуанта берсін, – деді фильмнің режиссері Тұрдыбек Майдан.

Жарыққа шыққалы бері фильм бірталай жүлделерге қол жеткізді. Былтыр «Мұзбалақ» фильмі Қазақстан Кинематографистер одағы тағайындаған «Құлагер» сыйлығы – «Үздік анимациялық фильм» жүлдесімен  марапатталған. Сонымен қатар анимациялық туынды Ресейде өткен XVII Халықаралық «Алау рухы» («Дух огня») атты дебюттік фильмдер кинофестивалінің жасөспірімдер мен балаларға арналған байқауына және  Чехияның Злин қаласында өткен 59- балалар мен жасөспірімдерге арналған «Панорама» фестивалінің байқаудан тыс бағдарламасына  қатысты. Одан бөлек, бұл фильм Ресейде өткен 14-Халықаралық «Отбасымен бірге» фестивалінде арнайы жүлдеге қол жеткізді.

 

АЛМАТЫ

 

Соңғы жаңалықтар

«Жыр мұра» жастарға жол ашты

Аймақтар • Бүгін, 08:04

Көнеден келген көнек

Руханият • Бүгін, 08:01

Қарауылтөбеге табиғи газ жетті

Аймақтар • Бүгін, 07:56

Асыл мінездің үлгісі

100 • Бүгін, 07:53

Шымбұлақ шаңғы маусымын ашты

Қысқы спорт • Бүгін, 07:36

Атбасар

Руханият • Бүгін, 07:32

Азаматтық мәселелері талқыланды

Президент • Бүгін, 07:20

Органикалық өнімдер нарығы

Экономика • Бүгін, 07:14

Күлкі керуені № 16

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар