Аймақтар • 16 Қазан, 2019

Балалар құқығын қорғауға арналған жиын

235 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Nur Otan партиясының «Бақытты отбасы» жоба­сын жүзеге асыру ая­сын­да құрылған көшпелі са­­­раптамалық топ Шым­кент қаласында жұмысын бас­­тады.

Балалар құқығын қорғауға арналған жиын

Алқалы жиында балалар­дың құқықтары мен заңды мүд­делерін қорғауды қамтама­сыз ету жүйесін жетілдіру бойынша ұсы­ныстар айтылып, оны оң­тай­лы шешудің жолдары кө­­рсетілді.

Республикалық кеңестің жұ­мыс тобы мүшелерінің отырысына қала әкімінің орынбасары Ербол Садыр, Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынба­сары Бахадыр Нарымбетов, қа­ла­лық басқарма басшылары, Ке­ңес мүшелері қатысты. Жиын­да денсаулық сақтау, білім бе­ру, әлеу­меттік қорғау, ішкі іс­тер бас­қармаларының есептері тың­­далып, қаладағы балалардың жағ­дайы туралы статистикалық мә­лі­меттер және балалар мен отбасыларды қолдау бойынша іске асырылатын жобалар талқыға түс­ті.

«Республикалық жұмыс тобының үшінші отырысы өту­де. Біз нақты ұсыныстарды да­йын­­дап, сараптауымыз керек. Мәселен, қалада оңалту орта­лық­­тары жетіспейді. Оңалту орталықтарында мамандар да тап­шы. Алда мемлекеттік тапсырыс аясында жекеменшік орын­дарды ашу керек екенін ба­ғам­дап отырмыз. Жалпы, отырыста осындай нақты ұсы­ныстар ай­тылуы керек», деді Бахадыр Мәделіұлы.

Nur Otan партиясы­ жа­нын­­да­ғы Балалардың құқық­тарын қорғау жөніндегі респуб­ликалық кеңестің жұмыс тобы Шымкент қаласында 10 мен 11 қазан ара­лығында жұмыс істеді. Жұмыс тобы сапар барысында «Бақытты от­басы» партиялық жобасымен танысып, қаладағы балалардың құ­қықтары мен бостандықтарын қам­тамасыз ететін мекемелердің қызметін бағалады.

Алқалы жиыннан соң рес­пуб­­ликалық кеңес мүшелері қа­ла әкімдігінің «Халыққа әлеу­меттік қызмет көрсететін қа­ла­лық аумақтық орталығы» ме­­кемесі аумағында салынған ба­­лалар алаңының жұмысымен та­нысты. Сондай-ақ әлеуметтік қыз­­мет­тер көрсететін «Самғау се­нім» орталығы мен «Асыл жү­рек» әлеуметтік-медици­на­лық орталығын аралап көр­ді. Аталған мекемелердің ты­ныс-тіршілігімен танысқан ел­ор­далық жұмысшы топ «Пси­­хикалық денсаулық» ор­талығы жанындағы меди­ци­­на­лық-психологиялық оңал­ту орталығындағы балдыр­ған­дардың жағдайына қанықты. 

Қазіргі таңда 50 орындық «Сам­ғау сенім» әлеуметтік ор­талығын жыл басынан бері 770 адам паналаған. Оның 297-сі – әйел болса, 652-сі – кәмелет жа­сына толмаған балалар. Тіпті ор­талықты отбасында зәбір көр­ген 24 ер азамат та паналапты.­ Жергілікті полиция өкіл­дері миллионды қалада тұр­мыстық зорлық-зомбылыққа ұшы­­рағандардан күндіз-түні да­мылсыз қоңырау түсетінін ай­тады.

Айта кетерлігі, жыл басынан бері шаһарда шаңырағында шу шығарған 472 тұрғынға қа­тысты заң талаптарына­ сәй­кес, әкім­­шілік хаттама тол­ты­рылған. Отба­сында зом­бы­лық көрген 2512 адам арнайы қорғауға алыныпты.

 

ШЫМКЕНТ