16 Қазан, 2019

ForteBank ғимаратында «Неге біз жек көреміз?» тақырыбындағы ғылыми дәріс өтеді

174 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жек көру сезімі ғылым көзімен: Discovery Channel адам агрессиясының табиғаты туралы айтады. Дәріс барысында телеарна сарапшысы Светлана Рудой адамдардың өркениеттің күллі тарихында осы сезімге неге ұшырайтынын түсіндіреді.

ForteBank ғимаратында  «Неге біз жек көреміз?» тақырыбындағы ғылыми дәріс өтеді

22 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласындағы ForteBank ғимаратында Discovery Channel сарапшысының "Неге біз жек көреміз?" тақырыбындағы ғылыми дәрісі өтеді. Психолог, гештальт-терапевт, Калифорния отбасылық психотерапиясы университетінің сертификатын иеленген жаттықтырушы Светлана Рудой адам табиғатында жек көрушілік сезімі неге және қалай пайда болатынын және осы жойқын қасиетке жауапты ми мен жүйке жүйесінің аспектілері туралы айтып береді.

Өшпенділік пен дұшпандық сезімдері адами қарым-қатынаста тіршілік пайда болғаннан бері бар. Осыдан туатын геноциттер, соғыстар және саяси қақтығыстар барысында миллиондаған адамдар жаппай жойылды, ал жек көрушілік негізінде түрлі әлеуметтік топтар кемсітушілікке ұшырады. Жек көрушілік кез келген жастағы, жыныстағы және ұлттағы адамдарға тән – күнделікті өмірде, мысалы, әлеуметтік желілерде немесе мектептерде қорқыту-қорлаумен, әлімжеттікпен көрініс табуы мүмкін. Бұл сезім көпшілікке таныс болғанымен, оның пайда болу және байқалу механизмдері жайында барлығы біле бермейді.

Жек көрудің физиологиялық және психологиялық себептеріне үңілетін дәріс барысында сіз Discovery Channel-дің "Неге біз жек көреміз?" атты деректі жобасының фрагменттерін тамашалай аласыз. Жобаның атқарушы продюсерлері – "Оскар" сыйлығының иегерлері Стивен Спилберг пен Алекс Гибни. Бұл картина агрессияның көріністерімен қалай күресуді үйретуге және болашақта өшпенділік себептерін болдырмауға арналған зерттеуге негізделген. Фильмде жек көрудің әртүрлі жағдайлары қозғалады. Мәселен, әлеуметтік желілердегі өрескел қарама-қайшылық, діни бағыттағы қақтығыстар, саяси көзқарастардың әртүрлілігіне байланысты дұшпандық, ұлтына байланысты кемсітушілік және спорттық жарыстар барысындағы агрессивті бәсекелестік.

Дәріс аяқталғаннан кейін сіз спикерге жек көрушілік туралы өзіңізді қызықтырған барлық сауалдарыңызды қоя аласыз. Светлана Рудой, сондай-ақ интерактивті сабақ өткізеді, оның аясында әркім өзіндегі жек көрушілік сезімі және онымен қалай күресу керектігі туралы жан-жақты біле алады.

Дәріске кіру үшін мынау сілтеме бойынша алдын ала тегін тіркелу қажет. Дәрістің басталу уақыты: 19:30. Байланыс телефоны: + 7 (701) 887 83 26