Ең қысқа әңгіме • 17 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Сержан Зәкерұлы

683 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ең қысқа әңгіме. Сержан Зәкерұлы

Күнбағыс

 

Күн төбеде шақырайып тұрып алды. Атыздағы күнбағыстардың қыл мойыны үзілердей болып әбден талған. Көзін шыққан күнмен ашып, батқан күнмен кірпік қағатын күнбағыстар қайталана беретін тірліктерінен қажыған сияқты.

Күннің нұры айға шағылысқанда бір күнбағыс көзін ашып еді, бәрі жамырай айға шағылысқан жалған нұрға тағы телмірді.

Ертең орақ түсетінін сезген жоқ. Әйтеуір бар білері Күн Бағыс... 

 

Сержан ЗӘКЕРҰЛЫ