Ең қысқа әңгіме • 17 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Амангелді Сейітхан

1074 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ең қысқа әңгіме. Амангелді Сейітхан

                                   Мейірім

Атасы түнімен немересін шыбыннан қорып шықты. Ертесіне екеуі де сергек жүрді. Ләззаттан. Немересі ұйқыдан ләззат алды, атасы немересінің ұйқысынан...

 

                                  Тіл мен гүл

 

Егемендік алғаннан кейін ерлі-зайыпты екеуі екі қоғамға мүшелікке өтті. Ері – тілді дамытуға, яғни «Қазақ тілі» қоғамына, әйелі – гүлді дамытуға, яғни «Ғажап түрі» қоғамына.

Арада жиырма жыл өтті. Ері кезекті жиынға бара жатты. Әйелі алқапта еді... Гүлге көмкеріліп дала жатты...

 

                                       Ақылға шекеден қарағанда

 

«Капасыз болғаның, қамсыз қалғаның», - деуші еді ағалары. Әрі тіс пастасына үнем екенін айтып әзілдескен...

Үшінші нокауттан бері тіс тазалауды ұмытты...

 

                    Ескерткішпен ескерту

 

Есейгенін ешкім емес, ескі костюм ескертті. Қолы жеңінен баяғыда ұзап шығыпты.

«Ескерткішке қойса да болады екен», - деді іштей. Екіншісі жоқ екені еске түсті ме, мектепке қарай жүгіре  жөнелді...

 

Амангелді СЕЙІТХАН