Қоғам • 17 Қазан, 2019

Алматының үздік кітапханашылары марапатталды

370 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ұлттық кітапханада Алматы қаласының кітапханалары күніне орай оңтүстік астананың кітапханашыларын марапаттау рәсімі өтті.

Алматының үздік кітапханашылары марапатталды

Салтанатты шара аясында Алматы қаласы әкім орынбасарының кеңесшісі Данияр Әлиев ҚР Ұлттық кітапханасының Қорды қабылдап алу, бақылау және толықтыру қызметінің жетекшісі Қ.Изамбекова, Диссертациялар бөлімінің жетекшісі Г.Бахтыгереева, Ұйымдастыру-аналитикалық жұмыстары қызметінің персоналмен жұмыс жөніндегі топ жетекшісі С.Базарбаева, Ұлттық библиография қызметінің топ жетекшісі Ш.Үсенбаева, Ғылыми-әдістемелік қызметінің топ жетекшісі А.Шүленбаева, Баспа қызметінің топ жетекшісі Г.Тәжібаева, Ғылыми-әдістемелік қызметінің кітапханашысы А.Байдароваға  Алматы қаласы әкімінің алғыс хатын табыстады. Ал Бостандық ауданы әкімінің алғыс хатын Бостандық ауданы әкімшілігінің Тілдер дамыту және мәдениет бөлімінің жетекшісі Бекжан Қуанышев

Анықтама-ақпараттық қызмет көрсету қызметінің топ жетекшісі А.Жұмаеваға, Қорды қабылдап алу, бақылау және толықтыру қызметінің топ жетекшісі Э.Бекмұхаметоваға, Цифрлық технологиялар қызметінің топ жетекшісі А.Иманбаеваға, Техникалық-пайдалану қызметі күзет қауіпсіздігінің топ жетекшісі Н.Мұналбаевқа, Әлем әдебиеті қызметінің кітапханашысы Д.Ағымановаға, Ғимаратқа қызмет көрсету қызметінің қойма меңгерушісі Б.Душоваға табыс етті.

ҚР Ұлттық кітапхана директоры Бақытжамал Оспанова Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасы мен Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана ұжымдарын ҚР Ұлттық кітапханасының құрмет грамотасымен марапаттады. Атап айтқанда, Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана директорының орынбасары М.Жұмабеков, инженер-бағдарламашы А.Қуандық, кітапханашы Н. Арғынбекова Назымгүл Сақыққызы, Брайль жүйесіндегі кітаптар бойынша редакторы А.Мықтыбаев, Брайль жүйесіндегі кітаптар бойынша редакторы З.Абдрахманова, сондай-ақ Республикалық ғылыми-техникалық кітапхананың кітапханалық жұмыстар және инновациялар жөніндегі вице-президенті И.Соловьева, Техникалық әдебиеттер мен құжаттамалардың арнайы түрлерімен жұмыстар жөніндегі орталығының директоры К.Омархан, Патенттік-ақпараттық жұмыстар орталығының директоры Ә.Мұқанова марапатталды.

«Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапханасынан Қорларды толықтыру және есепке алу, ғылыми өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру бөлімінің бас кітапханашысы Қ.Қасенова, Кітапханалық технологияларды автоматтандыру бөлімінің бас маманы А.Рақымбаева, Сирек кітаптар, қолжазбалар және ұлттық әдебиеттер бөлімінің бас сақтаушысы Д. Нұрмағамбетова, сонымен қатар Ұлттық кітапхананың Қалпына келтіру, консервация және түптеу қызметінің жетекшісі Б.Сәрсенбаева, Қазақстан кітаптар қызметінің жетекшісі Мадина Баянқызы, Ғылыми-әдістемелік қызметінің жетекшісі Гүлмира Маханбетова, Әлем әдебиеті қызметінің жетекшісі С.Тұяқова, Сыртқы байланыстар және фандрайзинг қызметінің жетекшісі Т.Замзаева, Сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметінің топ жетекшісі А. Құдайбергенқызы, Қалпына келтіру, консервация және түптеу қызметінің кітапханашысы М.Өскембаева, Баспасөз бөлімінің кітапханашысы Т.Орманбеков сынды үздіктер марапатталды.

 

АЛМАТЫ