Аймақтар • 21 Қазан, 2019

Жамбылдың жомарт жандары

295 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өңірдегі бірқатар азамат «Жомарт жүрек» сыйлығымен марапатталды. Аталған шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, сыйлық бес аталым бойынша лайықты кандидаттарға берілді.

Жамбылдың жомарт жандары

Әуелі өңірдегі ірі жобаларға қол­дау білдіріп, әлеуметтік аз қам­тылған отбасыларға көмек қолын созып келе жатқан «Арай­­­­-с­трой­­маркет-2030» жауапкер­шілігі шектеулі серіктестігінің директоры Арман Еділбаевқа «Жыл меценаты» атағы табыс етілді. Кәсіпкер талай жылдан бері қарттар үйі мен балалар үйіне қаржылай көмек көрсетіп келеді. Сонымен қатар ол ағымдағы жы­лы қайта жаңғыртудан өткен Тараз қаласындағы «Жас­тар аллеясының» құрылыс жұмыс­тарына 224 миллион теңге бөл­генін де айту керек.

Ал «Туған өлке» аталымын қордайлық кәсіпкер, «СССР» жауап­кершілігі шектеулі серік­тестігінің директоры Сәр­себек Салыбаев иеленді. Кәсіпкер соң­ғы 3 жыл ішінде аз қамтылған отба­сыларға 41,9 миллион­ тең­геге 8 тұрғын үй салып бер­ген азамат. Сон­дай-ақ 17 қордай­лық­тың баспаналы болуына қар­жылай көмек көрсетіп, 10 тұрғынға қажетті құрылыс материалдарын алып берді. Өзінің спорттық мансабында 12 рет әлем рекордын жаңғыртқан даңқ­ты спортшы Зульфия Габи­дул­лина «Жыл тұлғасы» ата­лы­мын жеңіп алды. Сондай-ақ ол талай рет ел қоржынына олжа сал­ған жан. Жиын барысында «Жылдың үздік ұйымы» аталымы «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне бұйыр­ды. Серіктестік басшысы, Қазақ­станның Еңбек Ері Мұ­қаш Ес­кендіров те талай уақыт­тан бері өңір тұрғындарына әлеумет­тік-материалдық тұр­ғыда көмек көр­сетіп келеді. Өз өнімін әлемнің 27 еліне экспорттайтын «Қазфосфат» соңғы жылдары қайырымдылық жұмыстарына 46 миллион теңге жұмсаған.Әлеуметтік маңызы бар үздік жобаларды жүзеге асырғандарға ғана табыс етілетін «Ерен еріктілік» атағы Тараз іргесіндегі Құмшағал, Шөлдала тұрғындарына көмек қолын созып жүрген «ӨРКЕН-НИЕТ» қайырымдылық қорының төрағасы Сағдат Айнабековке бұйырды. Аталған сыйлықтарды иеленген азаматтардың бәрі де Әулиеата өңірінің әлеуетін көтеруге атсалысып жүрген азаматтар деуге болады.

Жамбыл облысы