Ең қысқа әңгіме • 21 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Жәудір Нартай

499 реткөрсетілді

- Мен кіммін? - деп жанұшыра айғай салған Нұралыны ешкім естіген жоқ. Бөлме ішінен жоқтау айтқан әйелдердің ащы зарынан сай-сүйегің сырқырайды. Үйден жас өліктің денесін шығарып жатты. Нұралы өзін таныды....

Сен экранға шығасың деді режиссер кенет, мысқылдай күле.

- Рас па?

- Рас сайқалдың  рөлін сомдайсың....

Үйленгендеріне үш жыл. Шаңырақтарынан үнемі ыдыс-аяқтың сылдыры естілушы еді. Бар ыдысты сындырып біткен екі жасар Рамазан. Өте беймаз бала.

Дәрігер үш ай өмірің қалды деді. Ал ол үш ай жазды сонша күткен еді...

Еріндеріне далап жағып, сәнді киінген әйелдер, жиырма жасында дүние салған Фаризанының жылдық асына асығып бара жатты...

Екі құрбы. Біреуі - арсыздғы үшін бақытты. Екіншісі - адалдығы үшін айыпты...бірақ дос...

Шашыма алғаш ақ араласқанда, мен бар болғаны жиырма бірде едім, деді қара шашты жасамыс әйел...

Ол өмірінде ақырғы рет оңбай қателесті, бесінші қабаттан төмен құлдилап бара жатап солай ойлап үлгерді... бірақ бәрі кеш еді.

- Сіз тірідей жерленудің не екенін білесіз бе?

- Жоқ!..

- Мен білем.... ол арсыздың қолынан, аппақ арыңмен, мезгілсіз қаза табу....

 

Жәудір НАРТАЙ

Соңғы жаңалықтар

Барлық мәселе ашық айтылды

Аймақтар • Бүгін, 06:56

Тендерді майшелпек көреді

Саясат • Бүгін, 06:55

Туризм – табыс көзі

Парламент • Бүгін, 06:53

Қиырдағы қайырымды қазақ

Қоғам • Бүгін, 06:45

Музыкалық мәдениет – мектептен

Руханият • Бүгін, 06:36

Азияның үздігі атанды

Ауыр атлетика • Бүгін, 06:30

Күніне бір жақсылық жаса!

Руханият • Бүгін, 06:27

Музей қоры толықты

Руханият • Бүгін, 06:23

Өтініштер партия назарында

Аймақтар • Бүгін, 06:20

Жаңа жолда жүз ақау

Қоғам • Бүгін, 06:17

Алматы, 1921 жыл, 8 маусым

Руханият • Бүгін, 06:12

Жаңа энергия блогы іске қосылады

Экономика • Бүгін, 06:00

Қайран, Құмсай!..

Руханият • Бүгін, 05:31

Солтүстік шұғыласы

Руханият • Бүгін, 05:25

Қашқан сарбаз ұсталды

Қазақстан • Бүгін, 05:05

Бақылау барынша күшейтілді

Саясат • Бүгін, 05:05

Жапон иені: кеше және бүгін

Экономика • Бүгін, 05:05

Жолдама үшін жұдырықтасады

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 05:00

Ұқсас жаңалықтар