Ең қысқа әңгіме • 21 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме.  Гаухар Уткельбаева

489 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ең қысқа әңгіме.  Гаухар Уткельбаева

Бумеранг

- Әулетімізде  ұры, ұрлық жасайтын адам болмаған. Сен кімге тартып ұры болдың? - деп сыныптасының телефонын ұрлап келген баласын ременмен сабады әкесі. Ал өзінің мектептің от жағушысы болып істеген он жеті жылында үйіне бірде-бір рет көмір  сатып алмағаны ойына да кіріп шықпады.

 Гаухар Уткельбаева