Спорт • 22 Қазан, 2019

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Абу-Дабиде өтетін Grand Slam жарысына қатысады

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Абу-Дабиде өтетін Grand Slam жарысына қатысады

24-26 қазанда дзюдодан Қазақстан құрамасы Абу-Дабиде өтетін әлемдік Grand Slam кезеңіне қатысады. Қазір ұлттық құрама спортшылары Алматы облысында орналасқан AIBA спорт базасында жаттығып жатыр.

Додаға Қазақстан сапынан 16 спортшы қатысады.

Ерлер:

1.Елдос Сметов (60 кг)

2.Ғұсман Қырғызбаев (60 кг)

3.Елдос Жұмақанов (66 кг)

4.Ерлан Серікжанов (66 кг)

5.Жансай Смағұлов (73 кг)

6.Дидар Хамза (81 кг)

7.Руслан Мусаев (81 кг)

8.Ислам Бозбаев (90 кг)

9.Арман Қалиев (-100 кг)

10.Айбек Серікбаев (-100 кг)

11.Ғалымжан Қырықбай (+100 кг)

12.Ерасыл Қажыбаев (+100 кг)

Әйелдер:

1.Анна Казюлина (52 кг)

2.Севара Нишанбаева (57 кг)

3.Иоланта Бердібекова (63 кг)

4.Зере Бектасқызы (70 кг)