Аймақтар • 23 Қазан, 2019

Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасы 27 қазанға дейін ұзартылды

309 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қала тұрғындарының өтініші бойынша «Бюджетке қатысу» пилоттық жобасы бойынша өтінімдер қабылдау 27 қазанға дейін ұзартылды. Дауыс беру кезеңі 03-12 қараша аралығында өтеді. Алматы қаласының тұрғындары үшін бұл – budget.open-almaty.kz сайтында өз аудандарын дамыту бойынша жобалық ұсыныстарды беру немесе бұрын берілген жобалық ұсыныстарды пысықтау мүмкіндігі, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасы 27 қазанға дейін ұзартылды

Бүгінде «Бюджетке қатысу» пилоттық жобасы аясында қала тұрғындары 231 өтінім берді. Берілген жобалық ұсыныстар саны бойынша Алмалы (67), Медеу (49) және Бостандық (39) аудандары көш бастап тұр. Барлық жобалармен budget.open-almaty.kz сайтында, «Жобалық ұсыныстар саны» бөлімінде танысуға болады.

28 қарашада жобалық ұсыныстарды жинау кезеңінің қорытындысы бойынша барлық аудандық әкімдіктер жанынан құрылған сараптау комиссиялары қала тұрғындарының идеяларын жоба талаптарына сәйкестігіне бағалайды, сондай-ақ алдын ала қол жеткізу хаттамаларын қалыптастырады. 29 қазан-01 қараша аралығында жобалар пысықталғаннан кейін, budget.open-almaty.kz  сайтында қол жеткізудің қорытынды хаттамалары жарияланады.

Іске асыруға рұқсат беру үшін жоба Алматы тұрғындарының 10-нан астам дауысын жинауы тиіс. Қаланың бір тұрғыны үш жобалық ұсынысқа дауыс беруге құқылы.

Тұрған ауданына қарамастан, ұнаған жобаларды таңдап, оған дауыс берудің екі әдісі бар: онлайн немесе  ЭЦҚ пайдалану арқылы, сондай-ақ,  budget.open-almaty.kz сайтында; Open Almaty фронт-кеңсесінде (Абай д-лы, 90, Айманов к-сінің қиылысы), жеке басын куәландыратын құжатты ұсына отырып, қағаз түрінде дауыс беруге болады.