Аймақтар • 23 Қазан, 2019

Алматыдағы Ұлттық кітапханада конференция өтті

716 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы аясында «Ел-шежіре» қоғамдық қоры «Ұлттық құндылықтар – ұлттық идеяның негізі» тақырыбында елімізге белгілі ғалымдардың қатысуымен Ұлттық кітапханада конференция өткізді.

Алматыдағы Ұлттық кітапханада конференция өтті

Ұлттық құндылықтарын жаңғырту, рухы биік ұлттық идеяның қалыптасуындағы ұлттық құндылықтардың маңызын көрсету, сан ғасырлар бойы сұрыпталған ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, қазақ халқы тудырған моральдық нормаларда және ұлттық құндылықтарда бекітілген патриоттық тәжірибені меңгеру, ұлттық этномәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды тану бағытындағы тақырыптар қозғалған конференцияда жекелеген зерттеу тақырыптары бойынша арнайы баяндамалар жасалатындығынан хабардар еткен «Ел-шежіре» қоғамдық қорының президенті Дәулет Әшімхан осы бағытта қор тарапынан жүзеге асқан тарихи-мәдени маңызы бар шаралар барысына тоқталып, жас ұрпақ санасында ұлттық құндылықтардың орнығуы мен ары қарайғы насихат жұмыстарының ретіне тоқталып өтті.

Шараның модераторы Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Ф.Шамшидинова әр тақырыптың маңыздылығына тоқталып,  ғылыми негізді, терең талдаулармен жазылғандығына көпшіліктің назарын аударды.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бергі аралықта ұлттық құндылықтардың маңызына орай терең талдамалы мақалаларын арнап жүрген публицист, «Ақиқат» қоғамдық-саяси журналының Бас редакторы А.Әлім бүгінгі ғадамдастыру кезеңіндегі мемлекеттердің сипатын тереңнен талдап берсе, өз сөзін «Армысыздар, ағайындар!» деп бастаған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия кафедрасының аға оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты Ә.Бәкірұлы осы сөз тіркесінің қазақы ғұрыптағы орны мен маңызына, ұлттық мәдениетті жаңғыртуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға тоқталып өтті.

Алқалы жиын ҚазҰАУ «Рухани жаңғыру» гуманитарлық зерттеулер орталығының жетекшісі, Тарих материалдарын зерттеу жөніндегі республикалық ақпараттық орталықтың директоры, ЮНЕСКО «Ғылым және руханият» кафедрасының меңгерушісі, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор М. Әбусейітова,  «Азамат әлеуеті» Жеке Қайырымдылық Қорының Президенті, филология ғылымдарының кандидаты А.Cейсенованың баяндамаларымен жалғасын тапты.

Конференцияға қатысқан зиялы қауым өкілдері, тарих және этнография саласының мамандары, қала колледждерінің студенттері мен үкіметтік емес ұйымдар мүшелері баяндамашыларға сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті.

Конференцияны қорытындылай келе «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында халқымыздың тарихын зерттеуге, жаңа қырынан танытуға, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге және т.б. бағытталған ұсыныстар қабылданды.

Шара аясында Ұлттық кітапхана мамандарының ұйымдастыруымен «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында көрме көпшілік назарына ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар

Көп күттірген күрежол ашылды

Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2024

Климаттың өзгерісі әлемді алаңдатады

Экология • 07 Желтоқсан, 2024

Жас зерттеушілер форумы

Форум • 07 Желтоқсан, 2024

Ілкімді жобалар ілгері оздырады

Экономика • 07 Желтоқсан, 2024

Атакәсіпті ардақ тұтқан

Еңбек • 07 Желтоқсан, 2024

Талабы таудай тас қопарар

Маман • 07 Желтоқсан, 2024