Президент • 10 Желтоқсан, 2016

Мемлекет басшысы «Астана Балет» театрының ашылуына қатысты

5959 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы жаңа «Астана Балет» театрының ашылуына орай бір актілі балет премьерасын тамашалады.

Мемлекет басшысы «Астана Балет» театрының ашылуына қатысты

«Астана Балет» театрының хореографиялық ұжымы Бразилия хореографы Рикардо Амарантенің классикалық музыкамен әрленген «Diversity» балетінің премьералық көрсетілімін ұсынды.

Қазақ ұлттық хореография академиясы кешенінің құрамына кіретін жаңа театр әлемдік үздік үлгілерге сай келеді және балет, опера, драма сияқты кез келген шығармашылық ұжымды қабылдай алады.

Сахнаның техникалық өлшемдері түрлі жанрдағы және стилистикалық бағыттағы спектакльдер қоюға, концерттер, мюзиклдер және сан алуан арнаулы эффект қолданылатын шоулар өткізуге мүмкіндік береді.