Ең қысқа әңгіме • 31 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Темірлан Қылышбек

884 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ең қысқа әңгіме. Темірлан Қылышбек

Жаңбыр таңға себеледі. Түсте шие тердік. Кешкісін тырналар қайтты. Түнде тауға қар түсті.

***

Ол өлер алдында қақталған сиыр етін ойлады, алайда түкірігін жұтынып үлгермеді.

***

Асиро көліндегі соңғы балық қармаққа ілінді. Ертең оның уылдырық шашатын күні еді.

 

Темірлан Қылышбек