Қазақстан • 01 Қараша, 2019

А.Мамин ШЫҰ Үкімет Басшылары Кеңесінің отырысына қатысады

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин 2019 жылғы 2 қарашада Ташкент қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Үкімет Басшылары Кеңесінің отырысына қатысады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 

А.Мамин ШЫҰ Үкімет Басшылары Кеңесінің отырысына қатысады

Ташкентте Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин мен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің кездесуі өтеді.

ШЫҰ ҰБК отырысының күн тәртібінде ШЫҰ мүше мемлекеттерінің сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы одан әрі өзара іс-қимылының перспективалары мен өзекті мәселелері қаралады. Қорытындысы бойынша сауда, ауыл шаруашылығы, экология, цифрландыру, транзит және көлік салаларында бірқатар құжаттарға қол қою жоспарланған.