Саясат • 04 Қараша, 2019

Жаңа сыртқы саяси институт құрылды

651 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыртқы істер министрлігінде «Сыртқы саяси зерттеулер институты» АҚ Директорлар кеңесінің бірінші отырысы өтті.

Жаңа сыртқы саяси институт құрылды

Отырысты ашқан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеу­бер­ді Директорлар кеңесінің мү­ше­лерін сайлануымен құттық­тап, отырысқа қатысушыларды Сырт­қы саяси зерттеулер инсти­тутының мақсаттарымен және міндеттерімен таныстырды, же­місті жұмыс тіледі.

Директорлар кеңесінің отырысына Қазақ­стан Республикасы Прези­ден­тінің кеңесшісі Мәулен Әшім­баев төрағалық етті.

Инс­титуттың негізгі міндеті - Қазақ­стан Республикасы сыртқы сая­сатының басым бағыттарын іске асыру бойынша практикалық ұсы­нымдар әзірлеу, әлемдік сая­сат пен экономикада, ұлттық және халықаралық қауіпсіздік са­ла­сында өзекті трендтерді анық­тау.