Әлем • 05 Қараша, 2019

Ынтымақтастық комитетінің отырысы өтті

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бейжіңде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Ә.Смайылов пен Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік Кеңесі Төрағасының орынбасары Хан Чжэннің төрағалығымен Қазақстан-Қытай Ынтымақтастық комитетінің 9-отырысы өтті.

Ынтымақтастық комитетінің отырысы өтті

Қазақстан Республикасы – Қытай Халық Республикасы Ынтымақтастық комитетінің 9-отырысында сауда-эконо­ми­калық, энергетикалық, ғылыми-тех­никалық, қаржылық, көлік, мә­дени-гуманитарлық, су және эко­логиялық, геологиялық жә­не кедендік ынтымақтастық пен қауіпсіздік саласындағы 10 мамандандырылған кіші ко­ми­теттің және екі бірлескен комиссияның жұмыс нәтижелері қаралды.

Тараптардың даму мақ­сат­тары мен тұжырым­дамалары ұқ­сас, тығыз байланыс пен үйлес­тіру бар, сондай-ақ түрлі салалардағы ынтымақтастықтың сапасы мен деңгейі күн санап жақсарып келе жатқаны айтылды.

Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Респуб­лика­сы арасындағы сауда-эко­но­микалық ынтымақтастықтың ортамерзімді және ұзақмерзімді перспективаларға бағытталған (2020-2025 жж.) Бірлескен даму жоспарын жүзеге асыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Қазақстан Республикасы мен ҚХР арасындағы өзара сауда-саттық аясын кеңейту мақ­сатында Қытайға қазақстандық экспорттық өнімдерді, соның ішінде энергетика мен ауыл­ша­руашылық өнімдерін жеткізу көлемін арттыру туралы келісім жасалды.

Отырыс қорытындысы  бо­йынша Комитет төрағалары хат­тамаға қол қойды. Тараптар Ко­ми­теттің 10-отырысын 2021 жылы Қазақстанда өткізуге ке­лісті.

Айта кету керек, Қазақстан-Қытай Ын­ты­мақтастық комитеті 2004 жылы түрлі саладағы екіжақ­ты қатынастарды жүйелі және жан-жақты дамыту мақсатында құрылды.