Портал енгізу «бір терезе» қағидаты арқылы оңалту құралдары мен қызметтеріне тең қолжетімділікті, сондай-ақ жеке қажеттіліктерді, жеткізушілер, әлеуметтік қызметкерлер мен мамандар туралы мәліметтерді есепке алуды қамтамасыз етеді.
Бұл адал бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік береді және әлеуетті өнім берушілердің оңалту құралдары мен қызметтерін іске асырудың ашықтығын қамтамасыз етеді.
Портал 6 қызметтің (инватакси қызметтерінен басқа) 5 процесін цифрлауды көздейді. Олардың ішінде: арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету; техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету; ымдау тілі маманының, жеке көмекшінің, санаторлық-курорттық емделудің қызметтерін көрсету.
Сондай-ақ 2020 жылдан бастап 5 бизнес-үдерістің 2-еуін порталға ауыстыру жоспарлануда, оның ішінде арнайы әлеуметтік қызметтер және 55 техникалық оңалту құралдарының 24-ін қамтамасыз ету.
Сонымен қатар 2020 жылдың көктемінен бастап порталда қалған 3 бизнес-процесс (санаторлық-курорттық емдеу, жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының қызметтері) бойынша қызметтерді алуға болады.
Үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылы оңалту тауарлары мен қызметтері баламалы негізде портал және Мемлекеттік сатып алу арқылы көрсетілетін болады. Электронды форматқа толық көшу 2021 жылдан бастап жүргізіледі.