Технология • 07 Қараша, 2019

Медицина саласын цифрландыру мүмкіндіктері

4583 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Кез келген дамыған мемлекет тек бизнес, өндіріс саласымен ғана емес, сонымен қатар медицина саласының даму деңгейімен өлшенеді. Қазақ­стан дамыған мемлекеттердің қатарына кіруді мақсат еткеннен бері медицина саласында жыл сайын көптеген өзгерістерді байқауға болады.

Медицина саласын цифрландыру мүмкіндіктері

Ең алдымен, медициналық қызметтердің сапасын арттыру электронды денсаулық сақтауды дамытуды және қағазсыз жұ­мыс процесіне көшуді талап етеді. Бұл бағытта келесідей ат­қа­рылған жұмыстарды айтса болады. Қағазсыз медициналық құ­жаттарды енгізу аясында қа­зіргі кезде 121 форманың 64-і элек­тронды форматқа аударылды. Тәуелсіз 727 медициналық ұйымның 674-інде медициналық құжаттар электронды форматта сақталған. Ал 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында барлық емханалар мен ауруханалар толығымен қа­ғазсыз медициналық жазбаға көш­ті. Қазірдің өзінде денсаулық сақтау ұйымдарының 99%-ы медициналық ақпараттық жүйе­лермен, медициналық қызмет­керлердің 90,8%-ы компьютерлермен жабдықталған.

Денсаулық сақтауды цифр­ландыру және қағазсыз жұмыс процесін дамыту бағытында мобильді қосымшалардың рөлін атап өткен жөн. Денсаулық сақ­тау министрлігі нарықта бар ден­саулық сақтау саласындағы мо­бильді қосымшалардың бірың­ғай каталогын жасады. Мыса­лы, DamuMed – дәрігермен кез­­­десу; Dariger Pro (Dariger Pro); Денсаулық кітабы «103 БА­ҚЫ­ЛАУ» диспетчерлік орта­­лық­­ты автоматтандыруға ар­нал­ған бағдарламалық кешен; FMS: халықтық бақылау; HCity – менің жүктілігім; KDL OLYMP CDL OLYMP Қазақстан; Көмек 103; 103apteka.kz – онлайн дә­ріхана; 103.kz – есірткіні іздеу; Дос­тармед А.; Патронажды мейір­бике; Ба­ла­ларға ерте күтім жасау деген сияқты қосымшалар бар. Бұл қосымшалар аз уақыттың ішін­де қажетті ақпаратты табуға,  дәрі­гер­мен тез арада сөйлесуге мүмкіндік береді.

 2017 жылдың 14 қыркүйегінде Денсаулық сақтау министрлігі мен IBM арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойыл­ды, оның аясында Алма­тыда Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты онкологиядағы жасанды ин­тел­лект жүйесінің Watson пилот­тық жобасына ұсынылды, ол қазірдің өзінде 25 елде сәтті қолданылуда. Оны қолдану арқылы қатерлі ісікті емдеудің тиім­ділігі едәуір артады. Watson oncology – әлемдегі жетекші клиникалар мен дәрігерлердің соңғы ғылыми деректерін жинақтайтын компьютерлік бағдарлама. Бұл деректердің үлкен көлемін талдай алады, күрделі сұраныстарды түсінеді және таниды. Ең бастысы, дәрігерлерге интернеттегі аморфты мақалалардан гөрі, ме­ди­­цинаның дәлелдеріне негіз­делген жауаптар ұсынады. Жа­санды интеллектіні қолдану біз­дің дәрігерлерге жүйені күн­де­лік­­ті толықтыратын көптеген деректерді пайдалана отырып, пациенттерді емдеудің дұрыс тәсілдерін тез және уақтылы та­буға мүмкіндік береді. Жасанды интеллектінің жұмысы арқылы келесідей: алдымен науқастың барлық зерттеу мәліметтері мен емдеу хаттамалары компьютерлік бағдарламаға енгізіледі, сосын бұл ақпарат талданады, содан кейін іздеу іске қосылады. Бір­неше минуттан кейін дәрігер қ­оры­тынды алады және әрі қарай емдеу шараларын қарастырады.

2018 жылдың 25-26 қазан аралы­ғында Нұр-Сұлтан қаласын­да Денсаулық сақтау министрлігі ЮНИСЕФ-пен бірлесіп ұйымдас­тырған «Денсаулық сақтаудың IT-шешімдері – Digital Health Astana» халықаралық көрмесін өткізді. Іс-шараның маңызды оқиғаларының бірі денсаулық сақтаудың жаңа архитектурасының негізі болып табылатын пациенттің клини­калық мәліметтерін жинаудың сал­танат­ты түрде басталуы болды. Қазақ­станда цифрлы денсаулық сақ­тау саласындағы осындай инновациялық қадамды жүзеге асыру Дүниежүзілік банктің жобасын іске асырудың нәтижесінде мүмкін болды. Науқастар туралы медициналық деректер жинауды ресми түрде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов және Эриксон компаниясының президенті Никола Тесла Г.Кова­чевич қолдады.

Медицина саласын цифр­ландыру жобасында бүгінде Ден­саулық сақтау министрлігі пациент­терге алғашқы ақпарат беретін виртуалды боттарды енгі­зуге дайын. Жобаның негізгі мақсаты – медицина саласын­д­а­ғы кадр жетіспеушілігі мәсе­ле­сін шешу және диагноз қою, емдеу әдісін анықтау және қа­теліктерден құтылуға көмекте­сетін дәрігерлердің таптырмас кө­мекшісіне айналдыру. Соны­мен қатар бұл науқас туралы бар­лық ақпаратқа қол жеткізе алады, демек бұрын қай жерде емделгені, қандай медициналық көмек немесе дәрі-дәрмектер алғандығы, аллергиясы бар ма, жоқ па барлығын анық­тайды. Егер науқастың ұмы­тылған жазбалары немесе та­ғайын­даулары және бақылау тек­серістері болса, оны да арнайы бот еске салып отырады. Бот­ты жасаушылар дәрігерлерді ақ­парат­тық жүйелермен жұмыс іс­теуге үйретеді. Бірақ түпкі пай­даланушылармен, яғни пациент­термен жұмыс істеуге үйрету үшін медбикелер қажет болуы мүмкін, олардың жұмысы толы­ғымен автоматтандырылады. Яғ­ни, егер олар бұрын активтерді ауру­ханадағы пациенттерге телефон арқылы беріп, оларды та­ғайын­дау немесе скринингке ша­қырса, енді жүйе SMS арқылы пациенттерге хабарландыру жі­береді. Бұл қаржы жағынан да біраз қомақты соманы үнемдеуге әкеледі және жұмыс белсенділігін арттырады, дейді мамандар.

Аз уақыттың ішінде еліміз­де медицина саласындағы мұн­­дай өзгерістердің болуы қуан­тар­­лық жағдай. Бұл жаңа­шыл­дық науқастарымыздың сауат­тылығының жоғарылауына, медицина қызметкерлері мен науқас арасындағы қарым-қатынас дең­гейінің артуына үлес қосады. Егер бұрын дәрігерлер науқасты қабылдаған кезде уақытының көп бөлігін қағаз толтыруға жұмсаса, енді жаңа технологиялар арқылы науқасқа деген көзқарасы басқа болмақ. Осыған дейін жасалған жұмыстың барлығы тек жаңа дең­гейге өту үшін жасалған бастама деп білеміз.