Елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында арнайы тоқталған болатын. Медициналық сақтандыру қоры – тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеттерінің қаржылық операторы. Қор халыққа көрсетілетін медициналық қызметтерді Үкімет бекіткен тәртіп бойынша сатып алады. Медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалымен келісімшартқа отырған медициналық қызмет ұсынушылардың бірі – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№6 қалалық емханасы». Біз осы емхананың емдеу-профилактикалық қызметінің басшысы Есжан ҚАЛИЕВКЕ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты тұрғындарды мазалап жүрген мәселелерді сауал ретінде қойған едік.

–Есжан Қанапияұлы, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздің денсаулық сақтау саласына медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Сіздердің емханаларыңыз бұл өзгеріске дайын ба?
– Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі – маңызды реформа, дұрыс бағыт. Біздің емханамыз бұл жүйеге толығымен дайын. Бүгінгі таңда барлық қызметкерлер бұл реформадан хабардар.
– 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап емханаға келген пациенттер өздерінің санаттарын, мәртебелерін қалай біледі?
– Қазіргі уақытта емхана қызметкерлері, дәрігерлер мен мейірбикелер, әсіресе учаскелік дәрігерлер өз учаскесіне тіркелген, қабылдауына келген пациенттерге медициналық сақтандыру жүйесінің ерекшеліктері, медициналық сақтандыру пакеті, азаматтардың санаты, мәртебесі туралы, т.б. толық ақпарат беріп отырады.
– Жұмыс берушілер тарапынан жарна аударылып жатқан жұмыскерлерден, мемлекет қамқорлығындағы 15 санаттан бөлек, бізде тіркеуге, есепке алынбаған тұлғалар да бар. Алдағы жылы МӘМС жүйесі іске қосылғанда жарна аудармаған бұл азаматтар тегін медициналық кепілдендірілген көмектен тыс медициналық сақтандыру пакеті бойынша медициналық қызмет қажет болғанда қайтпек? Әлде оларға белгілі бір аралыққа уақыт беріле ме?
− Мұндай санаттағы азаматтарға 2020 жылдың сәуір айына дейін уақыт беріледі. Яғни, 2020 жылдың 1 қаңтарынан МӘМС жүйесі іске қосылған кезде, сәуір айына дейін медициналық сақтандыру пакеті бойынша да көмек алады, бірақ осы аралықта ол жарна аударуы тиіс. Ал тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемінде алғашқы медициналық көмек, жедел жәрдем, шұғыл жағдайдағы медициналық көмек сақтандырылған, сақтандырылмағанына қарамастан, кез келген науқасқа көрсетіледі. Ескеретін жайт, науқас емханаға міндетті түрде тіркелуі керек. Себебі қазір медициналық ақпараттық жүйе жасақталған. Ол жүйеде әр пациенттің аты-жөні, сырқат тарихы, диагнозы, қандай тексерулерден өткені туралы деректер электронды денсаулық құжатында жинақталады.
– Яғни, медициналық қызметкер пациенттің мәртебесін, санатын анықтап уақыт кетірмейді, онық бәрі дерекқорда болады, жеке сәйкестендіру нөмірін (ИИН) енгізсе жеткілікті дейсіз ғой?
– Әрине.
– Жалпы, медициналық сақтандыру жүйесі туралы өз пікіріңіз қандай?
– Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі – денсаулық сақтау саласын алға дамытатын реформа. Дамыған елдердің көпшілігі әлдеқашан медициналық сақтандыру жүйесі бойынша жұмыс істейді. Мысалы, Оңтүстік Кореяны алайық. Медицина саласы жақсы дамыған. Сақтандыру жүйесінде бірте-бірте бәсекелестік күшейеді. Бәсекелестік болған жерде медициналық қызметтің сапасы да артады. Медициналық сақтандыру жүйесін енгізудегі ең басты мақсат та, бағыт та осы – медициналық қызметтің сапасын жақсарту, науқастарға қолжетімді және жоғары дәрежеде медициналық көмек беру.
– «Медициналық сақтандыру жүйесі енгізілсе шешімін табар еді» дегенде қандай диагностикалау-емдеу тәсілдерін, кезек күткен ем-шараларды атар едіңіз? Қандай артықшылық, тиімділік күтесіз?
– Менің ойымша, медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгеннен кейін, пациенттің денсаулық көрсеткіштеріне қарай жіберілетін, қымбат тұратын компьютерлік томография, магнитті-резонансты томография секілді тексерулер, ультрадыбыстық зерттеулер мүмкіндігінше қолжетімді болады.
– Алғаш хабарласқанымызда сіздің операция жасап жатқаныңызды жеткізді. Түсінуімше, қазір емхана жағдайында да кішігірім оталар жасалады, солай ма?
– Иә, солай. Науқастар стационарға жату үшін кезек күтеді. Біріншіден, осы кезекті азайту үшін, екіншіден, науқастарға жылдам, уақтылы көмек көрсету үшін, емханаларда амбулаториялық хирургиялық орталықтар ашылды. Бүгінде ауыз-мұрын қуысы (ЛОР), тері ісігі, шап жарығы, т.б. секілді бірқатар диагноздар бойынша лапороскопиялық, эндоскопиялық оталар осы орталықта жасалады. Бұл – ауқымды жұмыс, үлкен еңбек, медициналық сақтандыру жүйесінің алғышарттарының бірі.
– Тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізген кезде «2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап МӘМС жүйесі енгізілгеннен кейін кезек болмай ма?, «Дәрігерлерге жазылу көп күттірмей ме?» деген сауалдар жиі қойылады...
– Кез келген бастама, жаңа реформа кедергісіз болмайды. Қазір тұрғындарға медициналық сақтандыру жүйесі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанына қарамастан, пациенттер тарапынан түсініспеушіліктер де, қиыншылықтар болуы мүмкін. Оған біз дайынбыз. Бәрі бірте-бірте жолға қойылады.
– Тұрғындар тарапынан не істелуі керек?
– Әр адам денсаулығына, ең алдымен, өзі жауапты. Сондықтан жұртшылық медициналық сақтандыру жүйесінің қажеттілігін түсініп, бірге атсалысуы керек. Еліміз, қай салада болмасын, дамуы үшін бір орында тұрмауы керек, алға жылжуы қажет. Медициналық сақтандыру жүйесі – осы бағыттағы маңызды қадам. Қазірдің өзінде біршама құрал-жабдықтар жаңартылып, толығуда. Мамандарымыз да медициналық қызмет көрсетудің заманауи соңғы тәсілдерін игеруде. «Жұмыла көтерген жүк – жеңіл» дейді қазақ, МӘМС өз жүйесін тауып, еліміздің медицина саласы жетекші орындардан көрінетініне сенемін.
Әңгімелескен
Жанаргүл ҮМБЕТОВА,
арнайы «Egemen Qazaqstan» үшін
Балуандарымыз Римдегі жарысты тамаша бастады
Күрес • Бүгін, 22:00
Қостанай облысында кеніш жүк көліктерін әйелдер жүргізеді
Аймақтар • Бүгін, 21:44
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр
Аймақтар • Бүгін, 21:40
Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі
Аймақтар • Бүгін, 21:38
«Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады
Спорт • Бүгін, 21:36
Теннис • Бүгін, 21:34
Теңге тұрақты: Баға неге өсе береді?
Қаржы • Бүгін, 21:15
Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
Президент • Бүгін, 20:45
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Қазақстан • Бүгін, 20:30
Түлектер күнінің дайындығы талқыға түсті
Білім • Бүгін, 20:09
Алматыдағы автопарктер 400-дей экологиялық автобус сатып алуды жоспарлап отыр
Аймақтар • Бүгін, 19:30
Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
Үкімет • Бүгін, 18:47
Алматы дәрігерлері қаңтарда 1,77 млрд теңге үстемақы алды
Медицина • Бүгін, 18:36
Қазақстанда 30 шетелдік фармацевтикалық өндіруші өз өндірісін ашады
Қазақстан • Бүгін, 18:36
Жаңа басылым – жақсылықтың жаршысы
Руханият • Бүгін, 18:34
Алматыда «Әйелдер маршы» өтеді
Қоғам • Бүгін, 18:30
Еуропада «пандемия салығы» енгізілді
Әлем • Бүгін, 18:26
Семейде қаржы пирамидасының жұмысы әшкереленді
Қоғам • Бүгін, 18:15
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Қоғам • Бүгін, 18:01
Елордалық мектептерде «Анамның күлкісі» атты онлайн-көрме ұйымдастырылды
Қоғам • Бүгін, 17:58
«Жануарларды нөмірлеу»: Қазақстандықтар COVID терминінің мағынасына наразы
Қоғам • Бүгін, 17:47
Президент тапсырмасымен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту үшін жұмыстар жүргізілуде
Қазақстан • Бүгін, 17:47
Асқар Молдағали каратэден Қазақстан командасының бас бапкері болып бекітілді
Спорт • Бүгін, 17:43
Қытайда миллиардерлер саны мыңнан асты
Әлем • Бүгін, 17:38
Бас мүфти: Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы тиіс
Руханият • Бүгін, 17:28
Facebook Тәжікстанға салық төлейтін болды
Әлем • Бүгін, 17:21
Әлеуметтік желілерде ПТР-тестілеу нәтижелері көрсетілген жалған бланкілер таратылуда
Қоғам • Бүгін, 17:20
2020 жылы төлем ұйымдары көрсететін қызметтер көлемі 15%-ға өсті
Қаржы • Бүгін, 17:11
Таиландта коронавирусқа қарсы вакцинация басталды
Әлем • Бүгін, 17:08
Коронавирус гүл арқылы жұға ма?
Коронавирус • Бүгін, 17:08
Елордада туберкулезге қарсы 4 мыңнан астам адам тексерілді
Медицина • Бүгін, 17:02
Пандемия кезінде әлеуметтік жобаларға атсалысқан тұлғалар марапатталды
Аймақтар • Бүгін, 16:56
Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы әуе рейстері қайта ашылады
Қоғам • Бүгін, 16:47
Қоғам қайраткері Болатхан Тайжанды еске алу іс-шарасы өтті
Қоғам • Бүгін, 16:40
Алматыда пәтер ұрылары ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 16:37
Алматыдағы перзентханада бір әйел қайтыс болды
Қоғам • Бүгін, 16:21
Қызылордада мұғалімдерге вакцина салынып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 16:09
Шымкенттік ұстаз 18 жыл бойына олимпиада жүлдегерлерін дайындаған
Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 16:09
Әскери полиция органдары туралы заң жобасы әзірленді
Қоғам • Бүгін, 15:57
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар ашылады
Қазақстан • Бүгін, 15:50
Қылмыстық іс: Өскемендік тәрбиеші балаларға зәбір көрсеткен
Аймақтар • Бүгін, 15:40
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта
Аймақтар • Бүгін, 15:34
Электронды еңбек биржасында сервистер жетілдірілді
Технология • Бүгін, 15:33
Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секірді
Аймақтар • Бүгін, 15:18
Қарағандыдағы көпқабатты үйдің кіреберісінен тастанды нәресте табылды
Қоғам • Бүгін, 15:17
Алматы облысында 30 млн теңгенің жылқысын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 15:13
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Бүгін, 15:05
Шахтада екі жұмысшыны топырақ басып қалған
Оқиға • Бүгін, 15:03
Аң аулау ережесін бұзғандарға қандай жаза қолданылады?
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Назарбаев орталығы мен Өзбекстанның Ислам өркениеті орталығы ынтымақтастық меморандумына қол қойды
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Қыздар университетінің ғалымдары 51 млн теңгенің грантын ұтты
Аймақтар • Бүгін, 14:55
Алматылық студенттер республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері бекітілді
Тағайындау • Бүгін, 14:50
Алматыда ағылшын тілінен өткен білім сайысы мәреге жетті
Білім • Бүгін, 14:40
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 14:37
Дін саласы мамандарына арналған семинар басталды
Қоғам • Бүгін, 14:32
Сенатор қандастарға берілетін төлқұжатты Наурыз мерекесінде табыстауды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 14:15
Омарташылар мен марал өсірушілер қолдауға зәру
Қоғам • Бүгін, 14:00
Сенатор кітапхана қызметкерлерінің жалақысын көтергенді жөн санайды
Қоғам • Бүгін, 13:27
«Nissan Primera» көлігі жылқы соқты
Аймақтар • Бүгін, 13:25
Мажарстан инвесторлары Түркістан облысында күн электр стансасын салады
Экология • Бүгін, 12:56
Нұрлан Нығматулин Мәжіліс жанынан партияаралық Қеңес құруды ұсынды
Парламент • Бүгін, 12:53
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары ротацияланады
Білім • Бүгін, 12:46
Түркістан облысының білім беру саласында 29 қылмыстық құқық бұзушылық деректері тіркелген
Аймақтар • Бүгін, 12:36
Елорданың бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Германиядағы локдаун 28 наурызға дейін ұзартылды
Әлем • Бүгін, 12:30
Карантинге байланысты қызметкерлердің тең жартысы қашықтан жұмыс істеуі керек
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Ұқсас жаңалықтар