Әдебиет • 11 Қараша, 2019

Қаламгермен кездесті

460 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тұңғыш Президент – Елбасы кітапханасының музейінде жазушы, журналист, Парламент Сенатының V-VI шақы­рылымдарының депутаты Жабал Ерғалиевпен кездесу өтті.

Қаламгермен кездесті

Кездесуге Қарағанды мемле­кеттік техникалық универ­ситеті, Д.Серікбаев атындағы Шы­ғыс Қазақстан мемлекеттік тех­ни­калық университеті, SILKWAY ха­лықаралық универ­ситетінің, сондай-ақ елордалық жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Сұлу сөзді кен қазғандай қа­зып, журналистиканың майын ішкен қаламгердің жас буынға айтар өнегесі мен өсие­ті көп еке­ні даусыз. Өмір жолында не­ні темірқазық етті, қан­дай соқ­пақтарды басып өтті, ұстанымы қандай, мақ­сат-мұратына жетті ме – жазу­шының жан сырынан осы сауал­дардың жауабын тап­тық. Тағ­дырының нәзік те ше­тін тұстарына қанықтық. Өт­кен ғасырдағы жүрекке салмақ са­ла­тын ауыртпалықтар бұл отбасыны да жанай өтпепті. Қажы атасының қуғындалуы, әке жүрегіндегі үрей, алты жа­сында анадан айы­рылу – бола­шақ қаламгерді өмір­дегі әділетсіздіктермен кү­ре­су үшін мықты адам боп қа­лып­тасуға итермелеген сияқты. Мо­йымау, қажымау, талмай еңбек ету – жазушының ұстанымы осы.

«Сендер мүмкін адал еңбек­тің өтеуі болмайды деп ойлайтын шығарсыңдар. Бірақ әсте олай емес. Адалдықтың да, адал еңбектің де өтеуі болады. Өмір­де таза жүруге тырысу керек. Таза ойлау керек. Маңдай терді төгіп еңбек ету қа­жет. Сонда жол­­дарың ашылады. Мақсат-мұ­раттарыңа жетесіңдер», деген жа­зушы жас буынға өмірдегі бас­­ты құндылықтар ретінде т­а­залық пен адалдықты насихаттады. Жазушылық пен жур­налистиканың қыр-сырын әңгі­меледі, шығармашылық зерт­ханасының құпиясын ашты. «Жас буын журналистер көп оқып, оқы­ғанын көңілге көп то­қуы қажет. Оқымай жаза беруге де болады. Бірақ тілдің жұтаңдығы, ойдың саяздығы көрінбей тұрмайды», – деді қаламгер.

Кездесу соңында студенттер қаламгердің «Бұлтты түнгі толған ай», «Жолсапар жалғаса береді», «Құлпытастың көз жасы», «Лето без дождя» сынды кітаптарынан құралған көрмені тамашалап, шығармашылығымен танысты.

Соңғы жаңалықтар

Енді жолдарға тұз себілмейді

Инфрақұрылым • Кеше