Қазақстан • 11 Қараша, 2019

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

22 реткөрсетілді

«Қазгидромет» РМК дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметіне сәйкес, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Жауын-шашын жауып,  Шығыста жел күшейеді, бұрқасын, көктайғақ болады.

Тек республиканың оңтүстік-батысы мен батысында күн ашық болады. Кей жерлерде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел жылдамдығы секундына 15-20 метр шамасында болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең жел 15-20 м/с дейін жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Түнде жаяу бұрқасын күтіледі, жел екпіні - 15-20 м/с.

Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Алматы облысының кей жерлеріне түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Маңғыстау облысында күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қызылорда, таңертең және күндіз Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с жетеді, Жамбыл облысының кей жерлеріне тұман түседі.

Соңғы жаңалықтар

Күлкі керуені № 16

Руханият • Бүгін, 12:04

Ақынға арналған күн

Руханият • Бүгін, 07:46

Қаланы дамыту құжаты дайын

Аймақтар • Бүгін, 07:43

Баспанамен қамтитын басты құжат

Бағдарламалар • Бүгін, 07:23

Болмысы бүтін Бағаев

Руханият • Бүгін, 07:19

Ер Едіге және елдік мүдде

Руханият • Бүгін, 07:11

Темекінің тауқыметі

Медицина • Бүгін, 07:05

Ұқсас жаңалықтар